«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 112-1 бабының 4-тармағына сәйкес «Ковчег» мекемесіне жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, балаларды тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген және қабылдаған Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына тәрбиелеуге орналастыруға жәрдемдесуді өтеусіз негізде Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қызметтің жүзеге асыруға аккредиттеу рұқсат бір жыл мерзімінде берілсін.
Шешім «Ковчег» мекемесін жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, балаларды тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген және қабылдаған Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына тәрбиелеуге орналастыруға жәрдемдесуді өтеусіз негізде Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қызметтің жүзеге асыруға аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының 2020 жылғы 16 қазандағы № ____бұйрығының негізінде берілді.
Шешім 2021 жылғы 16 қазанға дейін жарамды.