Қазақстан Республикасының аумағында балаларды асырап алу жөніндегі агенттіктің қызметін тоқтату туралы
ДӘЛЕЛДІ ШЕШІМ
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 113-бабының 1-тармағы (бұдан әрі – Кодекс) бойынша аккредиттеу мерзімін ұзарту туралы өтініші келіп түспегеніне байланысты, Кодекстің 113-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 513 бұйрығымен бекітілген Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларының 32-тармағының 4) тармақшасына сәйкес агенттікті аккредиттеу туралы шешімнің қолданылу мерзімі өтсе және аккредиттеу мерзімін жаңа мерзімге ұзарту мүмкін болмауына байланысты «Sanrise» (Канада) Отбасылық қоғамы өкілдігі Қазақстан Республикасы аумағында қызметін тоқтатады.
Шешім «Бала асырап алу жөніндегі агенттіктің қызметін тоқтату туралы» 2021 жылғы 24 ақпандағы № 15-н бұйрықтың негізінде берілді.