Құрметті қазақстандықтар!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 22 қазандағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында берген тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасындағы балалардың әл-ауқат индексін әзірлеуге кірісті.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Индексті апробциялау мен енгізу бойынша іс-шаралар қарастырылған.
Жұмыс тобының кезекті отырысы өткізіліп, оның құрамына Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі, ЮНИСЕФ Балалар қорының, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің, Ұлттық Экономика министрлігінің Статистика комитеті және Әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаментінің, Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің жергілікті полиция қызметінің жұмысын үйлестіру басқармасының, Мәдениет және спорт министрлігінің Білім, ғылым және халықаралық ынтымақтастық департаментінің, Сыртқы істер министрлігі Жанжақты ынтымақтастық департаментінің, Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің, Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала департаментінің, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің отбасылық саясатты үйлестіру басқармасының, «Сандж» зерттеу орталығы, «El Tiregi» ҮЕҰ, «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-тың және т. б. өкілдері кірді.
Қазақстан Республикасында балалардың әл-ауқаты индексін әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының 25 мүшесі балалық шақ проблемаларын шешуге шынайы қызығушылық білдірді.
Балалардың әл-ауқаты әлемнің көптеген елдерінде: АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, ЭЫДҰ және ТМД елдерінде өлшенеді. Бұл елдерге Қазақстан да қосылады.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2018 жылы Балалардың әл-ауқаты индексін әзірлеуді бастады және осы жұмысты жалғастыруда. Аталмыш ұлттық мониторингті апробациялау 2021 жылы, ал енгізуді 2022 жылы өткізу жоспарлануда.
Индекстің мақсаты – балалардың туылғанынан бастап кәмелетке толғанға дейін әл-ауқатын қамтамасыз ету, әр түрлі салалардағы балалардың жағдайын жақсарту болып табылады.
Индекс еліміздің балаларының жалпы және жекелеген бағыттар бойынша қаншалықты қолайлы екенін анықтауға, өңірлер бойынша бөле отырып, түрлі салалардағы ұлттық саясаттың тиімділігін қадағалауға мүмкіндік береді.
Индексті есептеуге ел үшін ең өзекті көрсеткіштер іріктелетін болады. Индекстің домендері өмірлік маңызы бар – білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтену, экономика, қаржыландыру салаларынан құралатын болады.
- «Экономика» доменінің экономикалық әл-ауқаты индексі. Балалар бюджеті» (балалы отбасылардың кедейшілік деңгейі, сумен қамтамасыз ету және ауыз судың сапасы, қатты жабыны бар аудандық маңызы бар жолдардың үлес салмағы және т. б.);
- «Балалардың денсаулығы және дамуы» доменінің денсаулық индексі (нәресте өлімі, аурулар, медициналық тексерулердің сапасы, психикалық бұзылулар, СӨС дағдыларына баулу, хабардар болу деңгейі және т. б.);
- «Білім» доменінің білім индексі (мектепке дейінгі білім беру сапасы, орта білім беру сапасы, қосымша білім алуға қолжетімділік, функционалдық сауаттылық деңгейі, балалардың виртуалды мінез-құлқы және т. б.);
- «Қауіпсіздік және мінез-құлық тәуекелдері» доменінің қауіпсіздік индексі (кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар, кәмелетке толмаған қылмыскерлер, жарақаттанушылық, ПБЗ және алкогольді тұтыну, суицид, буллинг, кибербуллинг және т. б.);
- «баланы әлеуметтендіру» доменінің әлеуметтену индексі (ата-аналары тарапынан балаларды моральдық-психологиялық қолдау, мәдениет және спорт мекемелеріне бару жеңілдігі мен тегіндігі, отбасылардың қолайсыздығы, ерте жүктілік, ерте неке және жасөспірімдер тууы, әлеуметтік жетімдік, зорлық-зомбылық және кемсітушілік және т.б.).
Индекс объективті және субъективті деректерден құрылатын болады, оның көзі ҚР ресми статистикасы және халық арасында сауалнама жүргізу нәтижелері болып табылады.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында ел алдына ең жоғары міндет - 2025 жылға қарай индекс көрсеткішін 0,71-ден 0,76-ға дейін ұлғайту қойылады (ең жоғары балл-1,0). Ал бұл орталық мемлекеттік органдар мен барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың барынша күш-жігерін талап етеді.
Ең төменгі міндет – жұмыс тобы индекстің қазақстандық моделін пысықтау және оның тиімділігін сынақтан өткізу бойынша одан арғы іс-қимылдар алгоритмін құруы тиіс.
Балалардың әл-ауқатының индексі – бұл кез келген деңгейдегі әкім жұмысының көрсеткіші.
Құрметті қазақстандықтар!
Балалардың әл-ауқаты индексінің арқасында БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ:
- елдегі балалардың жағдайына жүйелі мониторинг жүргізеді және үйлестіреді;
- республика, өңірлер, елді мекендер бойынша барлық салаларда жалпы проблемаларды анықтайды;
- заңнамаға өзгерістер енгізеді;
Бүгін біз республиканың барлық азаматтарын ашық әңгімеге, Индекс жобасын талқылауға ШАҚЫРАМЫЗ және Сіздің ұсыныстарыңыз бен келесі сұрақтарға жауаптарыңызды КҮТЕМІЗ:
- балалардың әл-ауқатын өлшеу бойынша қандай көрсеткіштерді Индекске енгізу қажет?
- Индекске қандай салалар кіре алады?
- Индексті енгізу нәтижесі қандай болуы керек?
Байланыс телефоны: 87172742342, эл.пошта s.ibraeva@edu.gov.kz
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті одан әрі ынтымақтастыққа үміттене отырып, сіздің ұсыныстарыңызды күтеді!