GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Басқарма туралы
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Все материалы
08 сентября 2026
Қазақстанда 7-13 қыркүйек аралығында өтетін Отбасы күніне арналған апталық басталды. Елімізде Отбасы күні дәстүрлі түрде қыркүйектің екінші жексенбісінде аталып өтеді.

  Қазақстанда 7-13 қыркүйек аралығында өтетін Отбасы күніне арналған апталық басталды. Елімізде Отбасы күні дәстүрлі түрде қыркүйектің  екінші жексенбісінде аталып өтеді.   Апта бойы еліміздің өңірлерінде отбасы құндылықтарын дәріптеуге, отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін дамытуға және саналы ата-ана болудың маңызын түсіндіруге бағытталған ақпараттық, танымдық және қоғамдық іс-шаралар өтеді.  Апталықтың әр күні жеке тақырыпқа арналады. Бағдарлама ұрпақтар сабақтастығы, саналы түрде отбасын құру, бала денсаулығы мен қауіпсіздігі, отбасы берекесі және ата-ана мен баланың бірге уақыт өткізуі секілді маңызды тақырыптарды қамтиды. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде  "Отбасымыздың бір күні" ұранымен жалпыұлттық    #Otbasym2026 челенджі өтіп жатыр. 

24 июля 2026
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының негізгі өзгерістері мен жаңашылдықтары.

 Қ.Р.Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің өкілдері және Ақтөбе облысы әкімдігі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында "Қазақстан Республикасының мемлекеті туралы" Заңының жаңа редакциясындағы негізгі өзгерістері мен жаңашылдықтары таныстырылды.

01 июня 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады
  • Халықаралық балаларды қорғау күні  құтты болсын!Жас ұрпақтың құқығын қорғау, денсаулығын сақтау және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау - жалпыұлттық мақсат және консититциялық міндет. Ауызбіршілігі мықты, тату-тәтті отбасы - бақытты балалық шақтың арқауы. Сондықтан отбасы құндылықтарын қорғау жаңа Конституцияның аса маңызды нормасының бірі ретінде айқындалды. Өскелең ұрпақтың жасампаздық рухы орасан зор. Олар білім мен спортта, өнерде мол табысқа жетуде. Менің бастамаммен қолға алынған "Ұлттық қор - балаларға" жобасы аясында мемлекет тарапынан әрбір балаға қамқорлық жасалып жатыр. Биыл "Қазақстан балалары" тұжырымдамасы іске асырыла бастады. Жас буында қолдау әрдайым еліміздің, яғни Әділетті және Озық Қазақстанның басты назарында болады,-деп жазды Президент Instagram парақшасында.
14 апреля 2026
Елімізде балаларды терезеден құлаудан қорғауға бағытталған «Терезе – SAFE» республикалық науқаны басталды.

 "Қазақстан балалары" тұжырымдамасын іске асыру аясында елімізде "Tерезе - SAFE" ауқымды ақпараттық науқаны басталды. Бастаманың мақсаты жазатайым оқиғалардың алдын алып, балалардың терезеден құлауына жол бермеу. Статистикаға сүйенсек, 2025 жылдың қорытындысы бойынша мұндай оқиғалар 2023 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артқан. Қауіп тобында негізінен 2 мен 5 жас аралығындағы бүлдіршіндер тұр.

 Науқанның  негізгі элементі- әр отбасының күнделікті өміріне "Қауіпсіздік минуты" ережесін енгізу. Ережеге сәйкес ата-аналар күн сайын үй ішін қысқаша тексеріп шығу әдетін қалыптастыруы керек. Тексеру кезінде терезе бұғаттағыштарының беріктігіне және терезе алдында бала шығып кететін жиһаздың тұрмауына баса назар аудару қажет. Басты мақсат - әрбір ата-ананың бойында тұрмыстық қауіпсіздік дағдысын қалыптастыру.

14 апреля 2026
Жаңа Конституция нормалары мектеп оқушыларына түсіндіріліп жатыр.

  Қазақстан мектептерінде "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 11-сынып оқушыларына арналған сынып сағаты бір мезгілде еліміздің барлық аймағында ұйымдастырылды. Сабақтың тақырыбы "Білім - мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституциядағы басмыдықтар" деп аталады.

 Іс-шараның мақсаты- оқушыларға жаңа Конституцияның мазмұнын түсіндіру, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру.

 Сынып сағаты барысында білім алушылар жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарымен танысып, өз құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін кеңейтті. Сонымен қатар, заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру және "Адал азамат" құндылықтарын дәріптеу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мұндай форматтағы сынып сағаты ел аумағындағы барлық оқушыларды ортақ құқықтық тақырыптар төңірегінде біріктіруге мүмкіндік береді.

14 апреля 2026
Қазақстанда кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиялардың қызметі жаңартылды.

 Елімізде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың қызметіне қатысты жаңа ережелер күшіне енді. Қазіргі уақытта өңірлердегі комиссиялар жаңартылған тәртіп бойынша жұмысы жасауда. Құжат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 30 желтоқсанда қол қойған "Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы"  Заңды іске асыру мақсатында 2026 жылғы 30 наурызда қабылданды.

26 декабря 2025
3 Заң қабылданып, 5000-нан астам баланың құқығы қорғалды - 2025 жылдың басты қорытындылары

   3 Заң қабылданып, 5000-нан астам баланың құқығы қорғалды - 2025 жылдың қорытындылары.

    2025 жылы бала құқығын қорғау саласында заңнаманы жетілдіру мен бақылауды күшейтуге айрықша басымдық берілді. Жылдың ең басты нәтижесі - 3 Заң  мен 11 нормативтік құқықтық актіні қабылданды. Сондай-ақ, бақылау шараларының арқасында 5000-нан астам баланың құқығы қалпына келтірілді. 

   Заңнамалық өзгерістер негізінен жетім балалардың қауіпсіздігіне және оларды тәрбиелеу жауапкершілігін алған азаматтарға қойылатын талаптарды қатаңдатуға бағытталды.

  2025 жылдың 10 ақпандағы Заңмен жетім балаларға тәлімгер болуға ниет білдірген азаматтарды міндетті сертификаттау енгізілді.  Аталған рәсім қатаң тәртіппен жүзеге асырылады: үміткерлер тәлімгерлік ұйымдарында арнайы дайындықтан өтіп, оны міндетті тестілеумен аяқтайды. Тәлімгер сертификаты тек емтиханды сәтті тапсырғандарға ғана беріледі. Бұл талап бала жанында кездейсоқ адамдардың болуына жол бермей, олардың психологиялық қауіпсіздігіне кепілдік береді. Айта кетейік, бүгінде елімізде 360 мыңнан астам азамат жетім балаларға тәлімгер атанып отыр. 

    2025 жылғы  14 шілдедегі Заң аясында жетім және ата-анақамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік мекемелерге орналастыру тәртібі өзгерді. Енді қорғаншылық органдары баланы алдымен медициналық тексеруге жіберуге міндетті. Бала үш күн ішінде кешенді тексеруден өтеді. Бұл шара бала интернатқа түспей тұрып-ақ, оның денсаулығындағы кінәраттар мен зорлық-зомбылық іздерін анықтап, дер кезінде көмек көрсетуге  мүмкіндік береді.

  Сонымен қатар,  заңды өкілдерге қойлатын талаптар күшейтілді. 4 желтоқсанда Мемлекет басшысы қауіпсіздік шараларын қатаңдататын  заңға қол қойды. Құжатқа сәйкес, қорғаншылар мен асырап алушы ата-аналардың  соттылығы пайда болса немесе олар психикалық  денсаулық орталықтарында есепке алынса, бала тәрбиелеуден дереу шеттетіледі. Сондай-ақ, олар енді жыл сайын өздерінің сенімділігін растауға міндеттеледі.

   Заңнамалық реформалармен қатар, бала құқықтарын қорғау саласындағы заң бұзушылықтарды анықтау бойынша  ауқымды жұмыс жүргізілді. Жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдардың қызметіне 120-астам тексеріс жүргізілді. Осы шаралардың нәтижесінде жүйелі заң бұзушылықтар анықталып, 5000-нан астам баланың құқығы қалпына келтірілді және 40-қа жуық лауазымды тұлға жауапқа тартылды.

  "Жалпы 2025 жылы жұмыс бағыты талапты қатайтып, бала өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті күшейтуге негізделді. Бұл қабылданған шаралар бізге профилактикадан бастап сүйемелдеуге  дейінгі әр кезеңде  бала мүддесіне кепілдік беріп, оқиғаның салдарымен күресу емес, алдын ала әрекет етуге мүмкіндік береді",- деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова. 

 Саланы дамытудың алдағы стратегиясы "Қазақстан балалары" тұжырымдамасында айқындалады. Құжатты 2026 жылдың қаңтарында бекіту жоспарланған.

 

 

19 декабря 2025
Экология - жалпы жауапкершілік: Ақтөбеде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясының идеялары талқыланды

Ақтөбе қаласы, Ұ. Құлымбетов атындағы № 64 жалпы білім беретін орта мектебінде «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» атты облыстық іс - шарасы өтті.

 Іс - шараның мақсаты - экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаның жай-күйіне деген жауапкершілікті арттыру және табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

Іс - шараның форматы мазмұнды әрі танымдық бағытта өтеді. Бағдарлама аясында экология саласындағы спикерлер сөз сөйлеп, «Таза Қазақстан» идеясының маңыздылығы, экологиялық сана мен азаматтық жауапкершілік туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

Шараға 150 - ге жуық адам қатысты.

Сонымен қатар, «Табиғаттың үндеуі» атты экологиялық тақырыптағы көрініс қойылып, табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау және тазалықты сақтау мәселелері насихатталды. Көрініс арқылы жас ұрпақтың экологияға деген көзқарасы мен қоғам алдындағы жауапкершілігі көрсетілді.

Аталған іс-шара экологиялық мәдениетті дамытуға, «Таза Қазақстан» идеясын кеңінен насихаттауға және қоғамда табиғатқа жанашыр көзқарасты қалыптастыруға бағытталған маңызды алаң болмақ.

Ақтөбе қаласы, Ұ. Құлымбетов атындағы № 64 жалпы білім беретін орта мектебінің директоры Жанайдаров Жасұлан Төремұратұлы атап өтті:

«Бүгінгі іс - шара барысында спикерлердің ойлары, сондай-ақ оқушылардың сахналап көрсететін көрінісі «Таза Қазақстан» идеясының мәнін тереңірек ашуға мүмкіндік берді деп ойлаймын.

Бұл көрініс - балалардың табиғатқа деген көзқарасының, олардың болашаққа деген жанашырлық сезімінің айқын көрінісі. Осындай форматтағы іс-шаралар оқушылардың ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, оларды белсенді азаматтық ұстанымға тәрбиелейді.

Меніңше, «Таза Қазақстан» - әрбір мектептен, әрбір ауладан, әрбір отбасыдан басталуы керек. Егер біз балаларға бүгіннен бастап дұрыс бағыт көрсете алсақ, ертең еліміздің экологиялық жағдайы да жақсаратынына сенімдімін.»

Іс - шара спикерлерінің бірі, «ЕcoMADENIET» мүшесі, М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің аға оқытушысы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің  докторанты - Жолмуратова Гүлзат Серікқызы өз пікірімен бөлісті:                                                                       

«Экология - тек ғылым саласы ғана емес, ол әр адамның өмір салтына, күнделікті әрекетіне тікелей байланысты. Бүгінгі іс-шараның ерекшелігі - «Таза Қазақстан» идеясын тек теориялық тұрғыда емес, нақты мысалдар мен көркем көрініс арқылы жеткізуінде деп ойлаймын. Бұл формат оқушылардың тақырыпты терең түсінуіне және оны жүрекпен қабылдауына мүмкіндік береді.

Жоғары оқу орнында білім беретін ұстаз ретінде мектеп жасындағы балаларда экологиялық мәдениетті ерте қалыптастырудың маңыздылығын ерекше атап өткім келеді. Себебі саналы көзқарас дәл осы кезеңде қалыптасады. Осындай мазмұнды іс-шаралар оқушыларды табиғатты аялауға, қоршаған ортаға бейжай қарамауға үйретеді.

Менің ойымша, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы - әр азаматтың белсенді қатысуын талап ететін ортақ міндет. Бүгінгі кездесуден алған әсер балалардың болашақта экологияға жанашыр, жауапты тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді деп сенемін.»

 #ТазаҚазақстан, #TazaQazaqstan, #TazaChallenge, #jastarlive, #jasylel, #тұрақтыдаму, #экология.

19 декабря 2025
Облыс әкіміне 15 ақтөбелік жеке сұрақтарымен жүгінді

Азаматтарды қабылдау «Amanat» партиясының облыстық филиалының ғимаратында өтті.

Өңір басшысы Асхат Шахаров тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдап, қажетті түсіндірмелер берді.

Қабылдауға сонымен қатар, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Қуантайұлы, облыстық мәслихат депутаттары, қалалық мәслихат төрағасы Анар Даржанова, сондай-ақ басқарма басшылары да қатысты.

Өңір тұрғындары тұрғын үймен қамту, коммуналдық инфрақұрылым, газдандыру, кәсіпкерлерді қолдау және әлеуметтік салаға қатысты мәселелерді көтерді.

Өтініштердің басым бөлігі - тұрғын үй мәселесіне қатысты. Асхат Шахаров қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғын үй кезектен тыс берілмейтінін, баспана коммуналдық жалдамалы үйлер салынған және пайдалануға берілген сайын кезек тәртібімен ұсынылатынын әрбір азаматқа түсіндірді.

Қобда ауданы Ақсай ауылының тұрғыны шаруа қожалығын ашу үшін жер телімін беру туралы өтініш білдірді.

Сондай-ақ бір ақтөбелік медициналық көмек көрсетуге жәрдемдесуді сұрады.

Алға ауданы Болгарка ауылының тұрғындарын ауылішілік жолдардың жағдайы, мектеп пен балабақшаны жөндеу мәселелері алаңдатады.

Темір ауданы Сарытоғай ауылының тұрғыны ауылды газдандыру мәселесін көтерді.

Сонымен қатар, бір ақтөбелік автовокзал маңындағы жылу трассасының жағдайына назар аударуды сұрады. Қабылдау барысында қалалық инфрақұрылымды абаттандыруға қатысты өзге де мәселелер қозғалды.

Барлық өтініш тиісті органдардың қарауына алынды. Заң аясында жүзеге асады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Құпиялылық саясаты