1976 жылғы 23 қазанда Ақтөбе облысының Комсомол ауданы Қараштау ауылында дүниеге келген.
1995-2000 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін "География мұғалімі" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2000 жылы Ақтөбе қаласының №23 орта мектебінде география пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2000-2005 жылдары - Ақтөбе теміржол көлігі колледжінің оқу-әдістемелік жұмыс әдіскері, Ақтөбе қаласы.
2005-2007 жылдары- Ақтөбе облысы ішкі саясат департаментінің әлеуметтік сала және мәдени даму бөлімінің жетекші маманы, Ақтөбе қаласы.
2007-2010 жылдары- Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Асамблеясы хатшылығының бас маманы. 2010-2013 жылдары- "Ақтөбе облысы әкімінң аппараты" ММ-нің ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы, Ақтөбе қаласы.
2013-2020 жылдары - "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" ММ-нің бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, (2017 жылдан) бас инспектор, (2018 жылдан) бөлімнің басшысы, Ақтөбе қаласы.
2021-2024 жылдары - "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" ММ-нің құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесу бөлімінің бас инспекторы, Ақтөбе қаласы.
2024-2025 жылдары - "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" ММ бас инспекторы , кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия хатшысы, Ақтөбе қаласы.
2025 жылғы қыркүйектен бастап, - "Ақтөбе облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" КММ-нің балалардың құқығын қорғау, қорғаншылық және қамқоршылық бөлімі басшысы, Ақтөбе қаласы.