"Тағылымды тәлімгер- жас маманның зергері" байқауы

"Тағылымды тәлімгер- жас маманның зергері" байқауы

       Абай облысы білім басқармасының «Аягөз ауданы білім бөлімі»  ММ оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес 2024 жылдың 18 желтоқсан күні облыстық «Тағылымды тәлімгер- жас маманның зергері» байқауының аудандық кезеңі Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің «№ 9 Аягөз қалалық аралас бастауыш мектебі» КММ-сінде өтті. Байқауға 8 мектептен жас маман мен тәлімгерлер қатысты. 1 орынды «№4 жалпы орта білім беретін аралас мектебі» КММ жас маманы Абилькаирова Диана Бековна, тәлімгері Жумагулова Айнур Ришатовна жеңіп, облыстық кезеңге жолдама алды. 2 орынды «№5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ жас маманы Махметова Гүлнұр Бауыржанқызы, тәлімгері Шонашева Аида Газизовна, 3 орынды «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы» КММ жас маманы Серікбекова Аққу Серікбекқызы, тәлімгері Омарова Рева Тайконуровна алды.  Қалған қатысушылар әртүрлі номинацияға ие болды.Қатысушыларға «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының  «Абай облысының кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Аягөз аудандық комитеті» филиалының төрағасы Казангапова Дариға Муратовна демеушілік жасап,  1, 2, 3 орынға ақшалай сыйлық, номинация иегерлеріне заттай сыйлық берді. Облыстық кезеңге қатысушыларға сәттілік!!!

#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Аягөз #АПҚО_Абай_облысы_Аягөз