10-11 класс оқушылары арасындағы дәстүрлі әскери – спорттық жарыс

2024 жылдың 19 қыркүйек күні аудандық білім бөлімі, Аягөз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімдері бірлесіп, К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп гимназиясында 10-11 класс оқушылары арасындағы дәстүрлі әскери – спорттық жарыс өткізді.Шүлбі кентінде 26-27 қыркүйекке жоспарланған облыстық жарыстың аудандық кезеңі болып табылады. ҚР әскер қатарына жарамды азаматтарды тәрбиелеп, оқушылардың күш –қуат дайындығына көңіл бөлетін аталмыш жарыстың оқушыларға берері көп. Жарысты К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп гимназиясының АӘТД пәнінің жетекшісі Д.Калимов және дене шынықтыру пәні бірлестігі,ұжымы бірлесіп,жоғарғы дәрежеде өткізді.
Ашылу салтанатында Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскер С.Қыржыбаев, К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп гимназиясының директоры Г.Абуталипова,Аягөз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің мамандары А.Ахметова мен Б.Тыныштық қатысушыларды құттықтап,командаларға сәттілік тіледі. Мектептің жас әртістері жоғарғы дәрежеде патриоттық өлең орындап,әсем би билеп қатысушыларға жігер берді.
Бағдарламасына келсек:
- Белтемірде тартылу (рет);
- Ак-74 оқу автоматын шашып,жинау;
- «Пресс» (рет)
- 100 м жүгіру;
- «Көбелек» Орнында тұрып, етпетінен жату, аяқты артқа лақтыру, тұра секіргенде қол аяқты ашып, жабу ;
6.Граната лақтыру;
7.Жүгіру ұлдар 1500 м,қыздар 500 м
Оқушылар нағыз әскери өмірге бейім екендіктерін көрсете білді.Осындай жарыс дәстүрлі болып,оқушыларымыз әскери тәртіптің не екенін біле бастады.Болашақта оларға артқан сенімдерімізді ақтайтындықтарын айқын білдірді, патриоттық сезімдерді оянды деп айтуға толық негіз бар.
Шиеліністі жарыста І орынды көпбейінді қазақ мектеп гимназия командасы, ІІ орынды қалалық қазақ мектеп лицей командасы,ІІІ орынды К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп гимназиясы командалары иеленді. № 4 орта мектебі,№ 6 орта мектебі, Ж.Жабаев атындағы орта мектебі,Ақши орта мектеп командалары жақсы өнер көрсете білді.
Жалпыесептік көрсеткіштер бойынша және әр жарыс түрлерінің жүлдегерлері мен жеңімпаздары Аягөз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің кубогымен,мақтау қағаздарымен марапатталды.