"Шынқожа батыр атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-ге іссапар

11.09.2024 жылы Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің басшысы Н.Т.Азимбаев пен сектор жетекшісі Е.А.Мұратов "Шынқожа батыр атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-ге келіп, мектеп ұжымымен жиналыс өткізді.
Қаралған мәселелер: "Педагог мәртебесі ", еңбек тәртібі, мектеп ережесі, оқушылардың мектеп формасы, жол жүру ережесі, қауіпсіздік ережесі, "Буллинг", мектептің жылу жүйесі және ыстық тамақ туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар Е.А.Мұратов мектеп асханасын қарап, бір мезгіл тегін берілетін ыстық тамақ құжаттарының талапқа сай екенін тексеріп, мектепішілік шағын орталыққа кіріп бүлдіршіндермен кездесіп, қауіпсіздік ұсыныстарын айтып өтті.