Іссапар

Іссапар

    2024 жылдың 11 қыркүйек күні Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің “С.Ғаббасов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-ге іс-сапармен Аягөз аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Т.Азимбаев  келіп, мектеп ұстаздарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында балалардың қауіпсіздігі бірінші орында екеніне тоқталды. Білім алушылардың сабаққа қатысуын қадағалау, ата-анамен тығыз қарым-қатынаста болу, мектеп ішіндені ішкі тәртіп пен ахуалды ұстауды қатаң ескертті. Педэтика жөнінде, мұғалімдердің жүктемесі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар мектеп асханасының жұмысы мен мектеп ауласын, ғимаратты, жылыту жүйесінің қысқа дайындығын тексерді. Аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі: Мұратов Е.А. ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың құжаттарын №64 қаулыға сәйкес жүргізілу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.