«Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль- байқауының облыстық кезеңі

Фестиваль-байқаудың мақсаты: өскелең ұрпақты рухани- адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеудің, тұлғаның үйлесімді дамуының факторы ретінде балалар мен жастар театр шығармашылығын қолдау және дамыту, өзін-өзі көрсетуге, әлемді эстетикалық және бейнелі түсінуге бірегей қабілеттерді қалыптастыру және дамыту, балаларды қосымша біліммен қамту.
Фестиваль-байқаудың міндеттері:
- балалар шығармашылық бірлестіктерінде білім беру қызметінің сапасын арттыру;
- өзін-өзі көрсетудің, әлемді эстетикалық және бейнелі түсінудің бірегей қабілеттерін қалыптастыру және дамыту;
- сахна мәдениеті мен шеберлігінің жоғары деңгейіне жеткен балалар мен жастар театр ұжымдарын, дарынды орындаушылар мен кәсіби педагогтарды, балалар мен жастар театр ұжымдарын ұйымдастырушыларды анықтау;
- балалар мен жастардың жаңа театр ұжымдарын құруды ынталандыру; балалар мен жастардың бос уақытын сапалы ұйымдастыруға
жәрдемдесу;
- балалар мен жастар театр ұжымдары арасындағы шығармашылық қарым-қатынас, тәжірибе алмасу үшін жағдай жасау.
І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ
•Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің «Мектеп жанындағы интернаты бар №6 ЖОББМ» КММ.Жетекшісі: Алпысбаева Жанар Саяжанқызы.
Құттықтаймыз.