Ата-аналармен жиналыс

Ата-аналармен жиналыс

   2024 жылдың мамыр айының 2 күні «№1 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ-де 4, 9-11 сынып оқушыларының ата - аналар жиналысы өткізілді. Абай облысы білім басқармасы Аягөз аудандық білім бөлімі ММ  басшысы Н.Т. Азимбаев қатысып ата - аналарды оқу жылының аяқталуына байланысты ұсыныммен таныстырды. Биылғы жылдың мектеп бітіруші түлектері аталған іс - шараны жоғары мәдениеттілікпен, сырапшылдықсыз, рухани- адамгершілік деңгейде өткізуге шақырды. Сонымен қатар "Мамандық таңдау- адам өміріндегі маңызды қадам" тақырыбында оқушылардың мамандық таңдауы бойынша ата- аналарға толық түсіндірме жұмысын жасады. Ата- аналарға ең басты бала өмірінің қауіпсіздігі екенін басты назарда ұстауды сұрады. Сонымен қатар мектепте қаражат жинауға болмайтының қатаң түрде ескертті. Ата - аналар жиналысы мектеп әкімшілігі дайындаған күн тәртібіндегі мәселелермен жалғасты.

#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Аягөз