Ұлы Отан соғысының,тыл және еңбек ардагері,Үш мәрте «Қызыл жұлдыз» ордендері, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» және мерекелік медальдардың, Бас қолбасшы Сталинның алғыс хаттарының иегері Әбділхақ Оспанов атындағы үстел теннисінен білім қызметкерлері, 5 – 11 класс оқушылары арасындағы ІV командалық жарысы

2024 жылдың 2-3 мамыр аралығында Д.Бабатайұлы атындағы орта мектебінде Ұлы Отан соғысының,тыл және еңбек ардагері,Үш мәрте «Қызыл жұлдыз» ордендері, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» және мерекелік медальдардың, Бас қолбасшы Сталинның алғыс хаттарының иегері Ә.Оспанов атындағы үстел теннисінен мектеп қызметкерлері, 5 – 11 класс оқушылары арасындағы командалық жарысы өткізілді.Мектеп оқушылары әсем әнмен,патриоттық бимен көрермендерді тәнті етті.
Ашылу салтанатында аудаандық білім бөлімінің басшысы Н.Азимбаев қатысушыларды,қонақтарды Жеңіс мерекесімен құттықтап,жарыс иелелеріне,жас ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттаудағы еңбектеріне алғыстарын білдіріп,осындай игі істердің жас буынға берері көп екенін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Әбділқадыр Әбілхақұлы әкесі жайлы деректерді айтып,барлық қатысып жатқан командалардың жетекшілерін алғысын жеткізіп,жас теннисшілерге ақ тілегін жеткізді.
Жарыстың ашылуымен Әбділқадыр ағамызды құттықтап,аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Қасымжанов,ақсақалдар алқасының төрағасы А.Жумағазин ,Шынқожа ауылдық округінің әкімі М.Түсіпов жылы лебіздерін білдірді.
Қысқаша атамыздың өмір – баянына келетін болсақ, Әбділхақ 1916 жылдың 11 ақпан күні Семей облысы Аягөз ауданы Нарын ауылдық Кеңесіне қарасты Шыңғожа ауылында дүниеге келген. 1925 жылы бастауыш мектептің 1 класына барады, 3 жылдық білім алады.Жастайынан еңбекке араласады. Әке- шешесіне мал бағуға көмектеседі. 1939 жылы 27 қыркүйекте әскерге шақырылып, Семей облысы Аягөз ауданы Нарын ауылдық кеңесіне қарасты «Красный Октябрь» колхозынан әскерге аттанады. Әскери міндетін батыс аймақта 19 БАО әскери бөлімде атқарған,әскери дәрежесі қатардағы қызыл әскер,әскери дәрежесі қатардағы қызыл әскер,әскери қызметін сапер болып бастап, соғыс соңында 12 атқыштар полкінің атқыштар бөлімінің командирі, кіші сержант дәрежесінде аяқтаған. Фин соғысына қатысқан. Коммунистік партия қатарына өткен. Соғыс басталғанда шекарадан 20 км қашықтықтағы әскери бөлімде болған. Соғыстың 1 – ші күні әскери әскери бөлім артқа шегіну туралы бұйрық алып, 40 км артқа шегінеді, бірақ, өздері тұрған әскери бөлімде құнды құжаттарды жоюға жібереді. Жау басып, алған бұрынғы әскери бөлімге барып, құнды документтерді жою кезінде қиян- кескі ұрыс болды. Жаудың бейқам болып, совет әскерлерінің қайта келуін күтпеуі, түнгі уақыттың болуы нәтижесінде, құнды документтер толықтай жойылады. Қатты ұрыстан аз-ақ солдат аман келеді.Соғыс кезінде Кеңес Одағының Маршалы Рокосовский басқарған 65 армия дивизия 1103/1203 полктер құрамында соғыста болып, Батыс, Орталық, Оңтүстік, Украина, Беларусь, 1 –ші және 2 – ші Беларусь майдандарында соғыстың 1 – ші күнінен аяғына дейін ерлікпен шайқасты. Әбділхақ 5 рет жараланды.
- 23 желтоқсан 1941 жылы
- 16 тамыз 1942 жылы
- 17 қыркүйек 1943 жылы
- 4 желтоқсан 1943 жылы
- 22 ақпан 1945 жылы
Соғыс кезіндегі ерліктері мен жанқиярлық батырлығын мына архив документтерден көруге болады.
23 желтоқсан 1941 жылы Курс қаласы маңында қызыләскер Оспанов өз өмірін қауіпке тіге отырып, неміс артиллериясының жауып тұрған оғына қарамай, қала шетіне қарай бірінші болып ұмтылады және өзінің автоматымен 3 немісті өлтірген. 16 тамызда 1942 жылы немістердің қатты шабуылы кезінде ауыр жарақат алған Ә. Оспанов соғыс майданын тастап кетпеді, қайта немістерге қайтара соққы берді \ архивтен
Абділхақ атамыздың ерліктері болашақ ұрпақтарымызға үлгі, ерліктерін естіген ұстаздар, оқушылар рухани бір байып қалатындары сөзсіз.
Жарысқа келетін болсақ, жарысқа ауданымыздың мектеп қызметкерлері және оқушылары арасынан жиыны 19 команда, 60–қа жуық ойыншы қатысты. Жарыстың бас төрешісі Т.Оспанбеков жарыс тәртібімен таныстырып, жарыс басталып кетті.
Жарыс өте шиеленісті өтті.Команда ойыншылары бар айла – тәсілдерін қолдана отырып, қарсыластарын қапы қалтыруға тырысты. Дегенмен, шын мықты , мықты екенін дәлелдейді.Білім қызметкерлері арасында тартысты ойындар барысында барлық командаларды сан қақтырып, І орынды С. Ғаббасов атындағы орта мектебінің командасы иеленсе,ІІ орынды Д.Бабатайұлы атындағы орта мектебінің командасы, ІІІ орынды № 1 орта мектебінің командасы иеленді. Оқушылар арасында І орынды № 5 орта мектебінің командасы, ІІ орынды С.Ғаббасов атындағы орта мектебінің командасы,ІІІ орынды Шынқожа батыр атындағы орта мектебінің командасы иеленді.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапатталды.
Атамыздың ұрпақтарының ауыспалы кубоктарымен,медальдарымен, мақтау қағаздарымен марапатталды.