Жазғы демалыс бойынша семинар-кеңес

Жазғы демалыс бойынша семинар-кеңес

  2024 жылдың сәуір айының 9 күні жазғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын ұйымдастыру бойынша жиын ұйымдастырылды. Семинар-кеңес Абай облысы білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиевтің төрағалығымен өтті. Іс-шара жазда балалардың бос уақытын және жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға арналды.Семинар мақсаты -жазғы демалыспен толық қамту үшін жағдай жасау,балалардың бос уақытын,сондай-ақ балалардың белсенді демалысын ұйымдастыру,зияткерлік-шығармашылық және спорттық-сауықтыру қызметі процесінде олардың қабілеттерін жан-жақты дамыту. Аягөз аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Азимбаев,оқу,ғылыми,ұйымдастырушылық,әдістемелік кабинетінің әдіскері Е.Шегиров,қосымша білім беруді ұйымдастыру жөніндегі әдіскері М.Коккозова қатысты.

#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Аягөз#