«Оқу – тәрбие үрдісінде білім алушылардың бойында тұлғалық құндылықтарды қалыптастыру жолдары»

2024 жылдың наурыз айының 28 күні Аягөз аудандық білім бөлімінің оқу ғылыми, ұйымдастырушылық кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес білім беру ұйымдарында «Оқу – тәрбие үрдісінде білім алушылардың бойында тұлғалық құндылықтарды қалыптастыру жолдары» тақырыбындағы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына әдістемелік кеңес отырысы өтті. Әдістемелік отырысқа оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинетінің әдіскерлері Шегиров Е.К, Амреева А.Е, Коккозова М.Т және 37 директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Әдістемелік отырыстың күн тәртібі: «Оқу –тәрбие процесі бойынша 3-ші тоқсанның қорытындысы және 4-ші тоқсанға жылдық қорытындыға қойылатын мақсат-міндеттер бойынша оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинетінің әдіскері Шегиров Е.К баяндама жасады. Оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинетінің әдіскері Коккозова М.Т Абай облысының білім басқармасының 2024 жылығы наурыз-мамыр айларына арналған базалық медиа жоспар орындалуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинетінің әдіскері педагог –психологы Амреева А.Е «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» әдістемелік ұсыным бойынша баяндама оқыды. «Е.Рахмадиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бақытқызы А «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» мақсатында жүргізіліп жатқан жұмысы туралы, «Б.Майлин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Туруспекова А«Жыныстық қолсұғушылықты, кәмілетке толмағандарды қорқытудың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру», «О.Меңаяқұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тлеугазиева Ж «Ұлттық мүдде, ар-ұят, талап құндылықтары негізінде мектептің мәдени ортасын қалыптастыру» бойынша баяндамалар оқылды. Әдістемелік отырыстың қорытындысы бойынша оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинетінің әдіскері Шегиров Е.К 3-тоқсан тәрбие жұмысы бойынша аудандық,облыстық жетістіктерді атап өтіп,4-тоқсанның мақсат міндеттеріне тоқталып барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Абай
#АПҚО_Абай_облысы_Абай