«Шәкәрім керуені» сапары.

2024 жылдың Наурыз айының 14-күні Аягөз аудандық мәдениет үйінде Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің «Шәкәрім керуені» 11-сынып мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырды. «Шәкәрім керуені» сапарының мақсаты: «Мектеп – ЖОО» кластері аясында Абай облысы аудандарының мектептерімен ынтымақтастық байланыс орнатып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, оқушыларға ерте кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру.
Шәкәрім университетінің 2000 жылғы түлегі, техника ғылымдарының кандидаты, Шәкәрім атындағы университеттің Басқарма мүшесі-әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Шаменов Мерей Ерболовичпен Кәсіптік бағдар беру және қабылдау комиссиясы бөлімі басшысы Омарова Алия Каттабаевна 14 - Наурыз көрісу күнімен барлық мектеп бітіруші түлектерді құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп Семей қаласындағы Шәкәрім университеті – 90 жылға жуық тарихы мен қалыптасқан дәстүрі бар, Қазақстандағы іргелі де беделі жоғары, педагогика, ауыл шаруашылығы, инженерлік технологиялар және қаржы-экономика салалары бойынша өңірге қажетті кадрларды даярлайтын, бүгінде 8 мыңға жуық бакалаврлар мен магистранттары бар, облысымыздағы басты, базалық жоғары оқу орны болып табылады деп,барлық түлектерге сәттілік тіледі.Кездесу барысында ән,би және әр түрлі ойындар ойнатылып мектеп түлектеріне сыйлықтар берілді.
#Абайоблысыбілімбасқармасы