Санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуына мониторинг

16-17.01.2024 жылы Аягөз ауданы білім бөлімі басшысы Н.Азимбаев Шыңқожа,Ақшәулі,Мыбұлақ,Айғыз,Нұғыманов ауыл мектептерінің асханаларында балалардың тамақтану сапасын мониторингілеу үшін сапалы тамақтануды, жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын, білім беру ұйымдарында тамақ өнімдерін дайындау және өткізу кезінде №76 санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізді:
Ас блогында (асханада):
- жұмыстың ұйымдастырылуын;
- тамақ өнімдерінің сапасын, оны тасымалдау, жеткізу, түсіру, сақтау шарттарын;
- тамақ өнімдерін дайындау технологиясын және оны орындау мерзімдерінің сақталуын;
- балалардың негізгі қоректік заттарға физиологиялық қажеттіліктеріне тағамның сәйкестігін;
- ас блогы қызметкерлерінің жеке бас гигиенасы ережелерін сақтауын қадағалады.
СанПин ережелерін қатал сақтауды айтты.
Ұсыныстар айтылып, бақылау басшылыққа қойылды.
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Аягөз
#АПҚО_Абай_облысы_Аягөз