Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты (1 бірлік) (уақытша, негізгі қызметкер бала күтіміне байланысты демалыс кезеніне 16.10.2022 дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Мәдениеттану
  • Филология
  • Саясаттану
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
  • Логистика (сала бойынша)
  • Қаржы

Қосымша талаптар

1.Қазақстан  Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2019 жылғы 27 мамырдағы № 111 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде

№18735тіркелген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатынүлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. Азаматтық авиация саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Азаматтық авиация саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;
  2. Компьютерде MS Office стандарттық пакет программаларымен жұмыс істей білу.

Функционалды міндеттер

Азаматтық авиация субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу және үйлестіру әдістерін әзірлеу; азаматтық авиация саласын дамытудың орта мерзімді бағдарламаларын, тұжырымдамаларын, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; саланы және кадрлық әлеуетті дамытудың стратегиялық жоспарларының, салалық бағдарламаларының уақтылы орындалуын бақылау; Министрліктің бағдарламаларын орындау бойынша сұрауларға жауаптарды талдау және дайындау; Азаматтық авиация саласындағы кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарлары мен есептерін тексеру; Азаматтық авиация саласындағы; бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржы қаражатының уақтылы және мақсатты пайдаланылуын бақылау; ҚР Азаматтық авиация саласын дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары мен басымдықтарының ұсыныстарын әзірлеуді ұйымдастыру; азаматтық авиация субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу мен үйлестірудің нысандары мен әдістерін әзірлеу; азаматтық авиация мәселелерін реттейтін азаматтық авиацияны дамыту индикаторларының статистикалық деректерін жинауды жүзеге асыру; әуе көлігімен жолаушылар мен жүктерді тасымалдау жөніндегі Мемлекетаралық авиациялық Комитетке статистика жүргізу және есеп беру, авиакомпаниялардың, әуежайлардың инфрақұрылымын дамыту, авиациялық техника паркін жаңарту және жаңғырту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 15.03.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.03.2021 – 29.03.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қ, Қабанбай батыр данғылы 32/1

Анықтама алу үшін байланыс

75-47-95, 75-47-90