«Авиажолаушылар туралы деректерді жинау бойынша автоматтандырылған жүйені құру және енгізу» МЖӘ жобасы
«Авиажолаушылар туралы деректерді жинау бойынша автоматтандырылған жүйені құру және енгізу» МЖӘ жобасы
Министрлік «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының 60-тармағына сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» ҚР Заңының 24-2 бабын іске асыру мақсатында «Авиажолаушылар туралы деректерді жинау жөніндегі автоматтандырылған жүйені құру және енгізу» мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасын (бұдан әрі-МЖӘ жобасы) іске асыру бойынша іс-шаралар жүргізуде.
Авиажолаушылар туралы деректерді жинау жөніндегі автоматтандырылған жүйені енгізу ИКАО стандарттарына (9-қосымша «формальдылықтарды жеңілдету») және БҰҰ ҚК 2178 (2014), 2396 (2017) және 2482 (2019) қарарларына негізделген.
МЖӘ жобасы ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін әлеуетті қауіпті тұлғаларды анықтау және мониторинг жүргізу үшін құқық қорғау және арнайы органдарды ҚР-ға/дан ұшуларды жүзеге асыратын авиажолаушылар туралы мәліметтермен қамтамасыз етуге бағытталған.
2018 жылғы 31 қазанда Министрлік пен Жеке әріптес арасында МЖӘ жобасы бойынша шартқа қол қойылды.
МЖӘ жобасының құны-5,0 млрд теңге.
Кезең: 2019-2028 (10 жыл).
Жеке әріптес – «Qazaqstan Identity & Security» ЖШС (Консорциум: ТНК «IDEMIA» Франция және «SECURETECH CORPORATION» ЖШС).
Мемлекеттік бағдарламаның 60-тармағына сәйкес жобаны қаржыландыру көзі бюджеттен тыс қаражат болып табылады. Жобаны іске асыру жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады және транзиттік жолаушылар мен 2 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, халықаралық рейстердің жолаушыларынан жинауды (төлемді) көздейді.
МЖӘ шартының талаптарына сәйкес Жобаны іске асыру мақсатында мемлекеттік әріптес Министрлік атынан авиажолаушылардан төлемді, сондай-ақ авиажолаушылар туралы мәліметтерді беру тәртібін көздейтін нормативтік актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыстарды аяқтады.
Сонымен қатар, Министрлік 2019 жылғы 8 қарашада Қазақстанға/нан халықаралық рейстерді жүзеге асыратын барлық авиакомпанияларға осы жобаны іске асырудың басталғаны және және Қазақстанда енгізілетін авиажолаушылар туралы деректерді жинау және өңдеу жөніндегі автоматтандырылған жүйемен авиакомпанияның ақпараттық жүйелерін интеграциялауды аяқтау қажеттілігі туралы, сондай-ақ әрбір халықаралық авиажолаушылар үшін төлемдерді жүзеге асырудың мөлшері мен мерзімдері туралы хабарлама жіберді (шығыс 04-1-28/7296).
Мемлекеттік әріптес МЖӘ шарты бойынша барлық міндеттемелерді орындағанын ескере отырып (тиісті нормативтік құқықтық актілер қабылданды, авиакомпанияларға жобаны іске асырудың басталғаны туралы хабарламалар жіберілді), 2019 жылдың 23 қарашасында Министрлік жеке әріптеске МЖӘ жобасы бойынша инвестициялық кезеңнің бастау мүмкіндігі туралы ресми хат жолдады.
Қазіргі уақытта Жеке әріптес келесі жұмыстарды атқарды:
- дата-орталықта жабдықтарды орналастыру бойынша қызмет көрсетуге «Nimbus.kz» ЖШС-мен, IDEMIA Identity & Security тестілік платформасы үшін серверлік жабдықты жеткізуге, телекоммуникациялық және офистік жабдықтарды жеткізуге келісім-шарттар жасалды;
- авиажолаушылар бойынша деректерді жинау ақпараттық жүйесінің тестілік платформасының серверлік жабдығы «Nimbus» ЖШС дата-орталығында орнатылған және авиакомпанияларды қосу үшін бапталған;
- авиакомпаниялардан API деректер алу үшін TYPE-B ARINC арнасына қосылу жүзеге асырылды;
- Қазақстанда авиажолаушылар бойынша деректерді жинаудың ақпараттық жүйесіне қосу бойынша техникалық нұсқаулықтар авиакомпанияларға жіберілді. Оларды келісу және тест платформаға қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.