Жүк авиатасымалдары (e-freight) саласында қағазсыз құжат айналымының ақпараттық жүйесін енгізу және бейімдеу

Жүк авиатасымалдары (e-freight) саласында қағазсыз құжат айналымының ақпараттық жүйесін енгізу және бейімдеу

«Жүк авиатасымалдары (e-freight) саласында қағазсыз құжат айналымының ақпараттық жүйесін енгізу және бейімдеу».

 

2016 жылғы желтоқсанда жеке инвестор – «ТрансИнфоТех» ЖШҚ (РФ), «Зерде «ҰИКХ» АҚ және «SecureTech Corporation» ЖШС компанияларының консорциумы «e-freight» жүк авиатасымалдары саласында қағазсыз құжат айналымының ақпараттық жүйесін енгізу және бейімдеу» МЖӘ жобасы бастамашылық етті. 2016 жылғы 25 желтоқсанда ҚР ҰЭМ Экономикалық қорытындысы алынды («Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ).

2018 жылғы 14 маусымда МЖӘ шартына қол қою рәсімі өтті.

Индустрияландыру күні аясында 2018 жылғы 11 желтоқсанда Мемлекет басшысының қатысуымен жоба тәжірибелік пайдалануға берілді.

2019 жылдың басында бағдарламалық қамтамасыз ету OneCloud дата-орталығының (Нұр-сұлтан қ.) серверлерінде орнатылды, сондай-ақ Қазақстанның барлық әуежайларын пайдаланушыларды Astana HUB-дағы жекеше әріптес кеңсесінің базасында тестілеу және оқыту жүргізілді.

2019 жылғы наурызда қазақстандық авиакомпаниялардың қатысуымен Қазақстан Республикасының барлық әуежайларында тестілік ортада жүйе іске қосылды.

2019 жылғы қазанда «e-freight» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі-«e-freight» АЖ) өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді және бүгінгі күні техникалық құжаттамада және нормативтік-техникалық құжаттамада баяндалған мақсаттарға, міндеттер мен талаптарға сәйкес штаттық режимде жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта «e-freight» АЖ-ға Қазақстан Республикасының әуежайлары қосылған және SCAT, Air Astana, Turkish Airlines, Lufthansa, S7 авиакомпаниялары, сондай-ақ Asia Freight жүк экспедиторы IATA стандарттары бойынша электрондық хабарламалармен алмасу жүзеге асырылатын жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта «e-freight» АЖ ҚР Қаржы министрлігі мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграциялауды жүргізу жоспарланып отыр.

Жобаны іске асыру жүк авиатасымалдары мен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттің тартымдылығын арттыруға, сондай-ақ жүкавиатасымалдары бойынша құжаттаманы ресімдеудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.