Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ-ның алдағы уақытта ішкі рейстерде әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қызметі бойынша бағаның көтерілетіні туралы хабарламасын қарау кезінде жария тыңдаулар өткізілетіндігін мәлімдейді.

Жария тыңдау 2022 жылдың  21 қазанда сағат 15-00-де, ZOOM арқылы онлайн режимінде өткізіледі (конференция идентификаторы: 847 6589 4524, кіру коды: 397004).

Жария тыңдауларға тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және өзге мүдделі тұлғалар шақырылады.

 

Оқиға күні

21 қазан 2022

Өткізу орны

ZOOM

Оқиға түрі

Видеоконференция