Жиі қойылатын сұрақтар
«Әуе көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларының» 40-тармағына сәйкес, тасымалдаушы жолаушыны межелі пунктке жеткізуді кешіктіргені үшін, егер бұл кешігу еңсерілмейтін күштің салдарынан болғанын дәлелдемесе, жолаушы шеккен шығындарды өтеумен қатар, әрбір кешіктірілген сағат үшін тариф құнының (кешігу орын алған ұшу учаскесінің тарифі) үш пайызы мөлшерінде айыппұл төлейді.
Айыппұл сомасы сатып алынған тарифтің (кешігу орын алған ұшу учаскесінің тарифі) құнынан аспауға тиіс.
Жолаушыны межелі пунктке жеткізуді кешіктіргені үшін айыппұлды төлеу тасымалдаушы тарапынан жолаушының өтініші негізінде тасымалдаушының интернет-ресурсы және билет сату пункттері арқылы жүзеге асырылады.
(Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №540 бұйрығы)
Әуе тасымалы әуе билетін сатып алу кезінде рәсімделген шарт негізінде жүзеге асырылады.
Қаражатты қайтару жолаушы билет сатып алған кезде танысқан тарифті қолдану қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Әуе билетін әуе компаниясының өзі сатқан жағдайда — жолаушы компанияның қолдау қызметіне жүгінуі қажет. Агрегатор арқылы сатып алынған жағдайда (мысалы, Kaspi Travel, Halyk Travel, Aviata және т.б.) — қаражатты қайтару сол агрегатордың платформасы арқылы рәсімделеді.
Қаражатты қайтарудан заңсыз бас тартылған жағдайда жолаушы материалдық және моральдық шығынды өндіріп алу үшін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес сот органдарына жүгінуі тиіс.
Тасымалдаушының кінәсінен немесе әуе кемесінің кешігіп келуінен рейс мәртебесі өзгерген жағдайда, тасымалдаушы жолаушыларға келесі қызметтерді тегін ұсынуға міндетті:
- 7 жасқа дейінгі баласы бар жолаушы үшін (бар болған жағдайда) ана мен бала бөлмесі;
- рейс 2 сағаттан артық кешіккен жағдайда – 2 телефон қоңырауы (оның ішінде халықаралық) немесе 2 электрондық хат жіберу мүмкіндігі;
- 2 сағаттан артық күткен жағдайда – салқындатылған сусындар;
- рейс 4 сағаттан артық кешіккен жағдайда және әрі қарай күндіз әр 6 сағат сайын, түнде әр 8 сағат сайын – ыстық тамақтандыру;
- күндіз 8 сағаттан, түнде 6 сағаттан артық кешіккен жағдайда – қонақ үйде орналастыру;
- қонақ үйде тұру тегін ұсынылған жағдайда – әуежай мен қонақ үй арасындағы трансфер.
Сонымен қатар, тасымалдаушы жолаушыларды рейстің кешігу себептері, жаңа ұшу уақыты және ұсынылатын қызметтердің тізімі туралы уақтылы ақпаратпен қамтамасыз етуге міндетті.
Аталған қызметтерді алу үшін жолаушы әуежайдағы әуе компаниясының өкіліне жүгінуі қажет.
Билетті қайтаруды жүзеге асыру үшін сатып алу орны бойынша билетті қайтаруға өтінім беру қажет (авиакомпания сайты, авиакомпания кеңселері, делдалдар, туристік агенттіктер).
Иә, болады. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Заңының 8-1-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, қайтарылмайтын тарифтер бойынша авиабилеттерді сатып алу шарт жасасу кезінде тұтынушылардың құқықтарын бұзатын және (немесе) кемсітетін шарт болып табылмайды.
«Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 540 бұйрығының 4-тармағының 73-тармақшасына сәйкес, багажды жеткiзу кiдiртілген, ол жетiспеген, зақымданған (бұзылған) немесе жоғалған, сондай-ақ багаж түбiртегi мен багаждық нөмiр белгiсiнiң үзбелi талонын ұсынусыз багаж берiлген жағдайда тасымалдау кезiндегi ақаулар туралы акті жасалады, оған багажды алушы адам мен авиакомпания қол қояды. Ақаулар туралы акт жасау қажет.
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 86-бабына сәйкес, тасымалдаушының кінәсінен рейс орындалмаған немесе кідіртілген немесе әуе кемесінің кеш келуі, тасымалдау маршрутының өзгеруі салдарынан рейс кідірген, орындалмаған кезде тасымалдаушы жолаушылар үшін жөнелту пункттері мен аралық пункттерде мынадай: жолаушыға ана мен бала бөлмесін ұсыну (болған кезде); рейстің жөнелтілуін екі сағаттан аса күткен кезде ұзақтығы бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын шалу, оның ішінде халықаралық байланыс желісі бойынша қоңырау шалу немесе электрондық почта арқылы екі хабарлама жіберу; рейстің жөнелтілуін екі сағаттан аса күткен кезде салқындатылған сусындармен қамтамасыз ету; рейстің жөнелтілуін төрт сағаттан аса және әрі қарай күткен кезде: күндізгі уақытта - әрбір алты сағат сайын; түнгі уақытта әрбір сегіз сағат сайын ыстық тамақпен қамтамасыз ету; рейстің ұшуын күндізгі уақытта сегіз сағаттан аса және түнгі уақытта алты сағаттан аса күткен кезде тасымалдаушы ұсынған қонақ үйге орналастыру; қонақ үй қосымша ақысы алынбай ұсынылатын жағдайда тасымалдаушы ұсынған көлікпен әуежайдан қонақ үйге дейін және кері қарай жеткізу қызметтерін көрсетуді ұйымдастыруға міндетті.