Жиі қойылатын сұрақтар
Уәкілетті орган мемлекеттік кемелер тізілімін және кеме кітабын жүргізеді, борышкер атында су көлігі болған/болмаған жағдайда тиісті ақпарат беріледі.
Борышкер туралы деректер нақты уақыт режимінде КДҚ АТЖ АЖ-нде ЖСН/БСН бойынша іздеу арқылы алынады.
ҚР «Iшкi су көлiгi туралы» Заңы: http://zan.gov.kz/kaz/docs/Z040000574_
ҚР «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Заңы: http://zan.gov.kz/kaz/docs/Z020000284_
Уәкілетті орган жылжымалы құрамның мемелекеттік тізілімін жүргізеді, борышкер атында жылжымалы құрам болған/болмаған жағдайда тиісті ақпарат беріледі.
Борышкер туралы деректер нақты уақыт режимінде ҚДҚ АТЖ АЖ-нде ЖСН/БСН бойынша іздеу арқылы алынады.
ҚР «Теміржол көлігі туралы» Заңы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 88 бұйрығымен бекітілген Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдары жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидаларына куәліктің мерзімі бөлігіне өзгерістер енгізілді, онда 34-тармақ ҚЖХЖТ-ға сәйкес келтірілді, осыған байланысты куәліктің мерзімі үш жылдан бес жылға өзгертілді.
Қағидалардың 12 - тармағына сәйкес жүк жөнелтуші (жүк жөнелтуші-атынан жүк жөнелту ресімделетін жеке немесе заңды тұлға ) қауіпті жүктерді тасымалдауға жасалған шартпен бірге тасымалдаушыға әрбір автокөлік құралына "қауіпті жүк" деген тану белгісін және қауіпті жүктің әрбір түріне жүргізушіге арналған нұсқаулықты ұсынады.
Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде қауіпті жүктерді тасымалдау 1957 жылғы 30 қыркүйектегі Қауіпті жүктердің халықаралық жол тасымалы туралы Еуропалық келісіммен регламенттеледі.