Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы жер қойнауын пайдалану, су ресурстары және орман шаруашылығы бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Атырау облысының әкімдігі

Аймақ

Атырау облысы

Санат

D-O-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Биологиялық және сабақтас ғылымдар
  • Қоршаған орта
  • Геология
  • Өндірістік және өңдеу салалары
  • Су шаруашылығы
  • Агрономия
  • Орман шаруашылығы
  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау
  • Білім: биология

Функционалды міндеттер

А блогы.

- Бөлімге басшылық жасау, өз құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру; - «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес бөлім бойынша жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру; - Мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруды ұйымдастыру, жүргізу және бақылауда ұстау; -Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру саласындағы қатынастарды реттеу; - Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беру; - Жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған, кен іздеушілікке арналған келісім-шарттары мен лицензиялар шарттарының сақтауына бақылау жасау және мониторинг; - Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою жұмыстарын қабылдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру және жою актісін дайындау; - Атырау облысының геопорталына кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы рәсімделген кен орындары бойынша мәліметтерді енгізу және мониторинг жасау; -Жалпыға ортақ пайдаланатын автокөлік жолдарын салуға қажетті пайдалы қазбаларды барлау және өндіруге рұқсаттарды беруді ұйымдастыру; - Бассейндiк су шаруашылығы басқармаларымен бірлесе отырып су қорғау аймақтарын, белдеулерiне өзгерістер енгізуді ұйымдастыру; - Жер үсті су көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту; - Жер асты су қорын анықтау мақсатында іздеубарлау жұмыстарын ұйымдастыру; - Су объектілерінде ортақ су пайдаланудың қағидаларын әзірлеу; - Ормандарды сақтауды, қорғауды, молықтыруды және орман өсіруді қамтамасыз ету, мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдалануды реттеу; - Орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер өткізуді ұйымдастыру; - Атырау облысы бойынша мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын бекiтуді ұйымдастыру; - Орман қорын өсіру, ұлғайту, молықтыру мақсатында жасақталған жобаларды іске асыру, сала бойынша акциялар мен басқа да көпшілік шараларды ұйымдастыру; - Аңшылық шаруашылық шарттарын жасақтау және тіркеуді ұйымдастыру; - Нормативтік құқықтық актілер мен басқа да құқықтық сипаттағы құжаттар жобаларын әзірлеуге қатысу; - Бөлімге түскен құжаттардың мерзімінде орындалуын бақылауды жүзеге асыру. - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының сақталуын қадағалау, сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес жұмыстарын ұйымдастыру; -Сыбайлас жемқорлық тәуекелі көрінісінің туындау жағдайларының мүмкіндігін зерделеу және қажетті шаралар қабылдау, ішкі бақылау жүргізу; -Өз құзіреті шегінде орындауға келіп түскен өтініштердің мерзімінде және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді және орындауындағы өтініштің тіркеу карточкасына деректерді енгізу сапасына жауапты болады; - «Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Табиғат» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны қызметінің мәні мен мақсаттарының орындалуын бақылайды; - Су ресурстарын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; - Су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, шаруашылықтарды сумен жабдықтау, түп тереңдету жұмыстарын жүргізу: - Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету; - Су объектілеріне көп факторлы зерттеулер жүргізу; - Жер үсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беруді үйлестіру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 08.01.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.01.2026 – 13.01.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

15.01.2026

Сұхбаттасу орны

Атырау облысы әкімінің аппараты, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 үй

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7122)319484