Атырау облысының Геоақпараттық порталы

Геопортал Атырау

Жобаның мақсаты- тұрғындарға Атырау облысының электрондық картасы мен анықтамаларын қолжетімді ету.

Сіз түрлі ұйымдардың орналасуы мен байланыс ақпараттары, жұмыс тәртібі және интернет мекен-жайын табасыз. Бұдан өзге, қала қонақтары үшін қоғамдық көлік бағыттары мен аялдамалар, ХҚКО, аурухана, емхана, дәріхана, қонақүй, мейрамхана, дәмхана, банкомат, АЖҚС және т.б. қоғамдық маңызды нысандар жайлы ақпарат пайдалы болады. Кәсіпкерлерді жоспарланып отырған жер сатылымдары, олардың орналасуы, сатылымға қатысу шарттары мен өтінім қабылдау орындары жайлы ақпарат қызықты болады.

Одан басқа халық үшін құқықбұзушылық фактілері мен жол-көлік апаттары жайлы ақпарат қолжетімді болады (ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің ресми мәліметтеріне сәйкес).

Оған қоса қаланың әрбір тұрғыны мен қонақтары «Кері байланыс» қызметімен ашық люктар, заңсыз қоқыс тастау, шұңқырлар сияқты өзекті мәселелерді суреті мен пайда болу орнын тіркеп, хабарлау арқылы қаланы басқару ісіне өз үлесін қосады!

Геопортал Атырау