Атырау облысының мемлекеттік қызметтер порталы
Атырау облысының мемлекеттік қызметтер порталы
Атырау облысының Мемлекеттік қызметтер порталы – мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай алуға мүмкіндік беретін электрондық ресурс. Енді сізге өтініш беріп, қажетті қызметті алу үшін ХҚКО-ға, әкімдікке және басқа да мемлекеттік органдарға барудың қажеті жоқ. Бұл ресурсты іске асыру қызмет көрсету процестерінің ашықтығын қамтамасыз ететін, қызметтерді ұсыну уақытын қысқартып, ведомствоаралық үйлестіру процесін жеңілдететін «бір терезе» қағидаттарын қолданатын шешімдерге негізделген. Сондай-ақ, бұл қызмет қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық кезеңдерінде мемлекеттік органдарға жүгінулерінің қозғалысын бақылауға және нәтижелерді электронды түрде алуға мүмкіндік береді.