2019 ЖЫЛҒЫ 14 МАУСЫМҒА АРНАЛҒАН ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІНДЕ КЕЗЕКТІ ЖОСПАРДАН ТЫС СУДЫ САРАПТАУ НӘТИЖЕСІ

2019 ЖЫЛҒЫ 14 МАУСЫМҒА АРНАЛҒАН ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІНДЕ КЕЗЕКТІ ЖОСПАРДАН ТЫС СУДЫ САРАПТАУ НӘТИЖЕСІ

ҚР Энергетика вице-министрі С.Нұрлыбайдың 2019 жылғы 4 қаңтардағы хаттамалық тапсырмасын орындау үшін «Қазгидромет» РМК 2019 жылғы 8 қаңтардан бастап Жайық өзені және Яик, Перетаска тармақтарында, 13 тұстамада күн сайынғы жоспардан тыс су сынамаларын алды.

"Қазгидромет" РМК 2019 жылдың 21 қаңтарынан бастап 41 көрсеткіш бойынша жоғарыда аталған 13 тұстама жоспардан тыс су сынамаларын апта сайын алуға көшті.

2019 жылдың 6 мамырынан бастап зертханалық талдау жасау су сапасының негізгі иондар, биогенді, органикалық заттар мен ауыр металдарды қоса есептегенде 23 көрсеткіш бойынша жүргізіледі.

2019 жылдың 10 маусымындағы талдау нәтижелері қосымшада келтірілген.

Жоғары және экстремалды жоғары ластану тіркелмеді.