Атыраулық садақшылар дәстүрлі садақ атудан өткен ҚР тұңғыш чемпионатынан 10 медаль жеңіп алды

Атыраулық садақшылар дәстүрлі садақ атудан өткен ҚР тұңғыш чемпионатынан 10 медаль жеңіп алды

Атыраулық садақшылар дәстүрлі садақ атудан өткен ҚР тұңғыш чемпионатынан 10 медаль жеңіп алды


16 қазан күні Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында «Дәстүрлі садақ атудан ҚР тұңғыш чемпионаты» өтті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аталған сайысқа еліміздің әр өңірінен 200-ге жуық спортшы келді. Оның ішінде Атырау облысы атынан
«BATU HAN ZHEBESI» Атырау облыстық дәстүрлі садақ ату федерациясы командасынан 18 спортшы қатысып, 8 спортшы жүлдемен оралды.

Атап айтсақ, Марат Бексұлтан ересектер арасында 70 метр қашықтықта І орын, Мадина Бисембиева жастар арасында 60 метр қашықтықта І орын, 40 метр қашықтықта ІІ орын, Дария Болатқызы 25 метр қашықтықта ІІІ орын, Әлімжан Жәрдем 15 метр қашықтықта ІІІ орын, Ернар Махме 25 метр қашықтықта І орын, Ізбасар Салимов 70 метр қашықтықта жастар арасында ІІІ орын, 35-метр қашықтықта жастар арасында ІІІ орын, Нұрдәулет Үсенғали 20 метр қашықтықта ІІ орын, Азра Челик 15 метр қашықтықта І орынға ие болды.