Атырау облысында жобалық басқаруды енгізу туралы басқарушы комитет отырысы өтті

Атырау облысында жобалық басқаруды енгізу туралы басқарушы комитет отырысы өтті

Атырау облысында жобалық басқаруды енгізу туралы басқарушы комитет отырысы өтті

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен облыстағы жобалық басқаруды енгізу туралы басқарушы комитет отырысы өтті. Оған қала, аудан әкімдері мен басқарма басшылары қатысты, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жиында облыс әкімі аппаратының жобалық басқару қызметін үйлестіру бөлімінің басшысы Алмас Көпжанов өңірдегі жобалық басқаруды енгізу туралы баяндама жасады. Оның айтуынша «Easy Project» www.kz2050.kz ақпараттық жүйесінде облыстық жобалардың орындалу барысына жасалған мониторинг нәтижесі туралы баяндады.

- «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасының ақпараттық жүйесінде 99 тармақ бойынша 167 мақсатты көрсеткіш көзделген. Қазіргі уақытта тармақтың тек 66-сы жүйеге енгізілген.
Осы ретте облыстық басқармалардың жобалық басқаруды енгізу бойынша жұмыс сапасын анықтау мақсатында арнайы рейтинг жасақталды. Үздік бестікке облыс әкімі аппараты, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мен денсаулық сақтау басқармасы енді,-деді А.Көпжанов.

Қайрат Нұртаев www.kz2050.kz ақпараттық жүйесіне жобалық басқаруды енгізу бойынша басқарма қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтты.