Облыстық «Алтын Шаңырақ» Аналар кеңесінің кезекті отырысы

Облыстық «Алтын Шаңырақ» Аналар кеңесінің кезекті отырысы

2019 жылдың 16 сәуір күні Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Алтын Шаңырақ» Аналар кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырысқа «Қоғамдық келісім» КММ-нің өкілдері, Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Алтын Шаңырақ» Аналар кеңесінің төрайымы Г.Повстянко, Атырау қалалық Аналар кеңесінің төрайымы, «Аяла» балабақшасының директоры С.Убдиянова және этномәдени бірлестіктердің Аналар кеңесінің төрайымдары мен мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде «Қоғамдық келісім» КММ басшысының міндетін атқарушы Л.Джылқышиева және «Алтын Шаңырақ» Аналар кеңесінің төрайымы Г.Повстянко сөз кезегін алып, қатысушылармен маңызды мәселелерді талқылады.

Кеңес мүшелері Атырау облысы бойынша көпбалалы аналардың тізімін анықтап, «Жәрдем» қорының бағдарламасымен танысып, осы бағдарлама аясында көпбалалы аналарға қолдау көрсету мақсатында тегін курстардың ұйымдастырылатынын айтып өтті.

Сондай-ақ, осы курстарды оқуға ниет білдірген көпбалалы аналарды жан-жақты хабардар ету үшін облыстық Аналар кеңесінің төрайымдары жұмыла жұмыс жүргізуде.