АТЫРАУДА​ ​ ИНКЛЮЗИВТІ​ ҚОЛДАУ КАБИНЕТІ​ АШЫЛДЫ

АТЫРАУДА​ ​ ИНКЛЮЗИВТІ​ ҚОЛДАУ КАБИНЕТІ​ АШЫЛДЫ
Атырау қаласындағы Боран Нысанбаев атындағы орта мектепте инклюзияны қолдау кабинеті ашылды, деп хабарлайды облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.
⠀
Аталмыш мектепте ерекше білімді қажет ететін​ 6 оқушы оқиды, олардың әр біріне педагог-ассистент қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, дефектолог, логопед, психолог, кабинет жетекшісі штаттары ашылған.
⠀
Инклюзивті қолдау кабинетінің ашылу салтанатына ​ облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова қатысты.
⠀
"Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, елімізде «Қамқорлық» бастамасы іске асырылуда. Бастама шеңберінде бірінші кезекте ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы мекемелердің жетіспеушілігі мәселесін шешу, сондай-ақ, оларды кадрлармен және қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету міндеті қойылды.
⠀
«Қамқорлық» бастамасын іске асыру үшін 8 өңір таңдалды. Оның ішінде Атырау қаласы да бар. Жол картасына сәйкес, «Қамқорлық» бастамасын Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Үкіметпен, өңір әкімдіктерімен және​ «Самұрық-Қазына» компаниясымен бірлесіп іске асырады. "Қамқорлық" бастамасының арқасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар​ үйде оқитын балалар мектеп ортасына бейімделеді», деді Бақытгүл Қайыржанқызы.
⠀
Инклюзивті қолдау кабинетінде​ психологиялық дамуында аутизм белгілері бар балаларды АВА әдісі бойынша оқыту көзделген. Педагогтардың сүйемелдеуімен оқушыларды қалыпты балалардың қатарына қосу орталық ​ мамандарының мақсаты.
⠀
Арнайы сыныптарда​ дефектолог, логопед, педагог-ассистент мамандығы бойынша 41 маман ерекше балалармен жұмыс жасау үшін арнайы курстардан өтіп, біліктіліктерін арттырған. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​
⠀
Айта кетелік, облыста ерекше білімді қажет ететін ​ 6653 бала бар.
Қызмет бағыты