2020 жылдың 29 маусымында ҚР Президенті Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына кол қойды.
Аталған кодекс 2021 жылдың 1 маусымынан бастап колданысқа енгізіледі. Сонымен қатар, сол күннен бастап қолданыстағы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарының күштері жойылып, Қазақстан Республикасының азаматтық процестік кодекстің бір қатар нормалары қолданысын тоқтатады.
Айта кететін жайт, бұл Кодекс бұрын-соңды Қазақстанда болмаған мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін, сондай-ақ азаматтарға билік органдарының шешім қабылдау процесіне белсенді қатысуға мүмкіндік беретін жаңа кодекс.
Кодекстің талаптарына сәйкес, әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот ісін жүргізу келесі қағидаттар негізінде жүзеге асырылады:
Қабылданған жаңа кодекс мемлекеттік органдардың дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік деңгейде басқарушылық шешімдер қабылдау процесінде азаматтық белсенділікті арттыруға мүмкіндік береді, ал әкімшілік сот төрелігі тетіктері азаматтардың жоғары сеніміне ие болады деген ойдамын.
Атырау облысы әкімі аппараты
Мемлекеттік-құқықтық бөлімнің
бас инспекторы А.Х. Даулетова