Бүгін Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясында 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық аясында Атырау облыстық округтік сайлау комиссияларының төрағаларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Айнұр Аманжулова сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқу-әдістемелік кешенді таныстырып, кандидаттардың құжаттарын қабылдау және тексеру тәртібін, сондай-ақ сайлау науқаны барысында қолданылатын қажетті құжаттармен жұмыс істеу ерекшеліктерін түсіндірді.

Іс-шараның мақсаты – сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби даярлығын арттыру, сайлау заңнамасының талаптарын дұрыс қолдануды қамтамасыз ету және алдағы сайлау науқанына сапалы дайындық жүргізу.

Жарияланған күні

21 қазан 2026

Жаңарту күні

21 қазан 2026