Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 27 қарашадағы
№ 114 бұйрығымен
бекітілген
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 01.04.2020 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1) орталық уәкілетті орган - сәулет, қала құрылысы және құрылысы қызметін мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер - оңтайлы жобалық көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында құрылыстың дайындығын және жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін қызметтер кешені (техникалық және авторлық қадағалаулар);
3) сараптамалық жұмыстар - ғимараттар мен құрылыстардың жобаларына сараптама жасау және олардың сенімділігі мен тұрақтылығына техникалық тексеру жүргізу жұмыстары;
4) сарапшы - сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтердің белгілі бір түрлерін жүзеге асыратын жеке тұлға;
5) сарапшының аттестаты - сарапшының мәртебесін және оның қала құрылысы мен құрылыс қызметінде сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтер көрсетуді орындау құқығын куәландыратын біліктілік аттестаты;
6) өтініш беруші - сарапшы мәртебесін алуға үміткер жеке тұлға;
7) жергілікті атқарушы орган - құжаттардың талаптарға сәйкестігін қарайтын, тестілеуге жіберілген сарапшылардың тізімін және тестілеу өткізудің кестесін бекітетін, сондай-ақ сарапшылардың аттестаттаудан өткендігі туралы шешім қабылдайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі.
1) қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын;
4) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық тексеруді жүзеге асыратын сарапшылар үшін өткізіледі.
1) қала құрылысы;
2) жобалау алдындағы құжаттама;
3) сәулет;
4) конструкциялық бөлігі;
5) инженерлік желілер және жүйелер (инженерлік желілер және жүйелердің түрлері бойынша);
6) технологиялық бөлігі (объектінің мақсатына байланысты);
7) сметалық бөлім;
8) өрт қауіпсіздігі;
9) экологиялық бөлімі;
10) санитариялық-эпидемиологиялық бейіні.
1) жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша - тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде;
2) жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша - инженерлік желілер бөлігінде;
3) жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша - технологиялық жабдықтар бөлігінде;
4) жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша - тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде;
5) жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша - инженерлік желілер бөлігінде;
6) жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша - технологиялық жабдықтар бөлігінде.
1) жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша - сәулет бөлігінде;
2) жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша - тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде;
3) жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша - сәулет бөлігінде;
4) жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша - тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде.
жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша - қолда бар аттестат шеңберінде жауапкершілігі барлық деңгейдегі объектілерде, осы тармақта көрсетілген қызметті жүзеге асырады;
жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша - қолда бар аттестат шеңберінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілерде, осы тармақта көрсетілген қызметтерді жүзеге асырады.
1) қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы бойынша сарапшы ретінде аттестаттау үшін - қала құрылысы, жобалау-сметалық құжаттаманың тиісті бөлімдері бойынша жоғары кәсіптік білімі және қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың тиісті бөлімдерін әзірлеу және (немесе) сараптау бойынша бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
2) тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
3) инженерлік желілер бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде бес жылдан кем емес тәжірибесі бар адамдар;
4) технологиялық жабдықтар бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде бес жылдан кем емес тәжірибесі бар адамдар;
5) тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
6) инженерлік желілер бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісінде үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
7) технологиялық жабдықтар бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және құрылыс-монтаж өндірісінде үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
8) сәулет бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша авторлық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
9) тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша авторлық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
10) сәулет бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша авторлық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және жобалау қызметінде кемінде бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
11) тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша авторлық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және жобалау қызметінде бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
12) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және есеп пен конструкциялау мамандығы бойынша жобалау қызметінің үш жылдан кем емес немесе осы бағытта бес жылдан кем емес сарапшы жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
13) экология бөлігі бойынша қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы бойынша сарапшы ретінде аттестаттау үшін - тиісті бөлім бойынша жоғары кәсіптік білімі және қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың экологиялық бөлімін әзірлеу және (немесе) сараптау бойынша бес жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе жоғары кәсіптік білімі және қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың экологиялық бөлімін әзірлеу және (немесе) сараптау бойынша он жылдан кем емес жұмыс өтілі бар адамдар;
14) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы бойынша сарапшы ретінде аттестаттау үшін - санитариялық-эпидемиологиялық бейіні бойынша жоғарғы медициналық білімі және қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың бөліміне сәйкес сараптама бойынша жұмыс тәжірибесі бес жылдан кем емес бар адамдар;
15) өрт қауіпсіздігі жөніндегі қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы жөніндегі сарапшы ретінде аттестаттау үшін - өрт-техникалық бейіндегі жоғары кәсіптік білімі және қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың тиісті бөлімін әзірлеу және (немесе) сараптау жөніндегі кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе өрт-техникалық бейіндегі жоғары кәсіптік білімі және өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау саласындағы кемінде жеті жыл жұмыс өтілі бар адамдар.
2-тарау. Аттестаттау тәртібі
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) нысанында баяндалған.
Жеке басты куәландыратын құжаттардың мәліметтері көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» шлюзі арқылы ақпараттық жүйелерден ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
1) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті осы Қағидалардың 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
2) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті құжаттармен бірге осы Қағидалардың 9 - тармағында көрсетілген талаптарға (бұдан әрі - талаптар) сәйкестігін қарайды-5 (бес) жұмыс күні ішінде.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және «жеке кабинетке» жолдайды.
Қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығымен көрсетілетін қызметті алушыға қатысты ресімделген мынадай шешімдер бекітіледі:
1) тестілеуге жіберілген;
2) тестілеуге жіберілмеген.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тапсырған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» тестілеуге жіберу немесе тестілеуге жібермеу себептері туралы хабарлама жібереді.
3) Тестілеу 7 (жеті) жұмыс күні ішінде өткізіледі. Көрсетілетін қызметті беруші тестілеу өткізілген күні өтініш берушілерді тестілеу нәтижелерімен электронды түрде таныстырады.
4) көрсетілетін қызметті беруші сарапшы аттестатын немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес дәлелді бас тартуды ресімдейді, қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдайды - 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
14-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2021 № 389 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1) өтініш берушінің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде автоматтандырылған компьютерлік тәсілмен тестілеуді өткізу;
2) өтініш берушілерді тестілеуге жіберу жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну бойынша жүзеге асырылады;
3) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері тестіленушілерді тестілеуді өткізу рәсімдерімен таныстырады;
4) тестілеу кезінде сарапшылар сөйлесе және тестілеу өткізілетін үй-жайдан шыға алмайды. Жеке электрондық құрылғыларды (соның ішінде компьютерлерді, ұялы телефондарды тестілеу кезінде пайдалануға тыйым салынады);
5) қызмет берушінің қызметкерлері осы тестілеуді өткізу рәсімін бұзған өтініш берушілерді тестілеуден шығарады;
6) компьютерлік тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу автоматты түрде компьютерлік бағдарламамен жүргізіледі.
Тестілеуге жіберілген уақыт 100 минутты құрайды. Тест 100 сұрақтан тұрады. Тест сұрақтарын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
Тестілеуден өту үшін шекті деңгей:
1) Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген сарапшылар үшін; 2), 3), 4), 8), 9) осы Қағиданың 9 - тармағы-90 және одан да көп дұрыс жауап;
2) қалған барлық сарапшылар үшін - 70 және одан да көп дұрыс жауап.
Аттестацияны қайта тапсыру саны шектелмеген.
1) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті осы Қағидалардың 12-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
2) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті құжаттармен қарайды, ресімдейді, қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдайды - 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
Жеке басты куәландыратын құжаттардың мәліметтері көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» шлюзі арқылы ақпараттық жүйелерден ұсынылады.
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) өзгерген;;
2) қағаз аттестатын қолданылу мерзімі көрсетілмей электрондық аттестатқа ауыстыру;
3) электрондық аттестатты мерзімі жоқ электрондық аттестатқа ауыстыру.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган - тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган - ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде.
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-қосымша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2021 № 389 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Сәулет, қала құрылысы және
құрылыс қызметі саласындағы
сараптама жұмыстарын және
инжинирингтік көрсетілетін
қызметтерді жүзеге асыратын
сарапшыларды аттестаттау
қағидаларына
1-қосымша
|
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын) |
||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары |
|
2 |
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
«Электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz. |
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) аттестатты беру - 15 жұмыс күні 2)жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) өзгерген кезде, қағаз аттестатын электрондық аттестатқа қолдану мерзімі көрсетілмей ауыстырған кезде - 3 жұмыс күні. |
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электрондық (толық автоматтандырылған) |
|
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларға аттестат беру немесе қайта рәсімдеу, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде. |
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі |
|
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін; 2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруді келесі жұмыс күнінде жүзеге асырады). |
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі осы Қағидаларға |
1) алынған кезде: осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; жеке басын куәландыратын құжат - өтініш берушінің жеке басын сәйкестендіру үшін; жоғары кәсіптік білімі туралы дипломның электрондық көшірмесі (ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы болған жағдайда, растайтын құжаттың электрондық көшірмесі); еңбек кітапшасының электрондық көшірмесі. Еңбек кітапшасы негізді себептер бойынша болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы еңбек қызметін растайтын келесі құжаттардың бірін ұсынады: жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек шартының электрондық көшірмесі; еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзіндінің электрондық көшірмесі; қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтері бар мұрағаттық анықтаманың электрондық көшірмесі. 2) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) өзгеруіне байланысты қайта ресімдеу кезінде: осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; 3) қағаз аттестатын қолданылу мерзімі көрсетілмей электрондық аттестатқа қайта ресімдеу кезінде: осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; аттестаттың электрондық көшірмесі. |
|
9 |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) өтініш беруші ұсынылған құжаттардың талаптарға сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша тестілеуге жіберілмеген; 2) өтініш беруші тестілеуден өту кезінде шекті деңгейде төмен баға алған жағдайларда |
|
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің: www.kds.miid.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414). |
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-қосымша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2021 № 389 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Сәулет, қала құрылысы және
құрылыс қызметі саласындағы
сараптама жұмыстарын және
инжинирингтік көрсетілетін
қызметтерді жүзеге асыратын
сарапшыларды аттестаттау
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
_____________________________________________
(жергілікті уәкілетті органның толық атауы)
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
ӨТІНІШ
________________________________________________________________________________
_____________________________________________ жүзеге асыру жөніндегі сарапшы ретінде
(Қағидалардың 4-тармағының тармақшасын көрсету)
______________________________________________________________________ мамандығы
(Қағидалардың 5, 6, 7-тармақтарының тармақшасын көрсету) бойынша аттестаттауды сұраймын.
Жеке тұлға туралы мәліметтер:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(сериясы, нөмірі, кім және қашан берген)
________________________________________________________________________________
(оқу орнының атауы, бітірген жылы, диплом нөмірі)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(ұйымның атауы, мекенжайы)
________________________________________________________________________________
___________________ ____________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Сәулет, қала құрылысы және
құрылыс қызметі саласындағы
сараптама жұмыстарын және
инжинирингтік көрсетілетін
қызметтерді жүзеге асыратын
сарапшыларды аттестаттау
қағидаларына
3-қосымша
Нысан
|
[Жергілікті уәкілетті органның мемлекеттік тілдегі атауы] |
|
[Жергілікті уәкілетті органның орыс тілдегі атауы] |
|
[Жергілікті уәкілетті органның мемлекеттік тілдегі деректемелері] |
[Жергілікті уәкілетті органның орыс тілдегі деректемелері] |
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшының
АТТЕСТАТЫ
№ [Нөмірі]
Осы құжатпен
[ТЕГІ] [АТЫ] [ӘКЕСІНІҢ АТЫ]
түр бойынша: [Сараптамалық жұмыстар және инжинирингтік көрсетілетін қызметтер түрі]
мамандану бойынша: [Мамандану]
осы қызметті жүзеге асыру құқығымен сараптамалық жұмыстар және инжинирингтік көрсетілетін қызметтер бойынша сарапшы мәртебесі берілгені куәландырылады.
Жергілікті уәкілетті орган басшысының бұйрығы
[бұйрықтың күні] № [бұйрықтың нөмірі]
[берілген күні]
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты]
Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.
Сәулет, қала құрылысы және
құрылыс қызметі саласындағы
сараптама жұмыстарын және
инжинирингтік көрсетілетін
қызметтерді жүзеге асыратын
сарапшыларды аттестаттау
қағидаларына
4-қосымша
Сарапшы аттестаттын қайта рәсімдеуге арналған
ӨТІНІШ
_____________________________________________
(жергілікті уәкілетті органның толық атауы)
________________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
________________________________________________________________________________
______________________________ жүзеге асыру жөніндегі сарапшы ретінде (Қағидалардың
4-тармағының тармақшасын көрсету)
______________________________________________________________________ мамандығы
(Қағидалардың 5, 6, 7-тармақтарының тармақшасын көрсету)
бойынша мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті ұяшыққа Х қою қажет):
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) өзгерген;
2) қағаз аттестатын қолданылу мерзімі көрсетілмей электрондық аттестатқа ауыстыру;
3) электрондық аттестатты мерзімі жоқ электрондық аттестатқа ауыстыру үшін қайта
ресімдеуіңізді сұраймын.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(ұйымның атауы, мекенжайы)
________________________________________________________________________________
___________________ _______________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))