2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауда «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізіміне енгізілген С.Б.Касеновты аталған тізімнен шығару туралы
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы
мәслихаттарының депутаттарын сайлауда «Respublica» партиясы»
қоғамдық бірлестігінің партиялық тізіміне енгізілген
С.Б.Касеновты аталған тізімнен шығару туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 105-бабына сәйкес «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімінен шығару туралы келіп түскен С.Б. Касеновтың өтініші негізінде Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2026 жылғы 29 қаршаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауда «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізіміне енгізілген Касенов Серик Беркингалиевич аталған тізімнен шығарылсын.
2. Осы қаулы Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Төраға Ә.Қыстаубаева
Хатшы А.Аманжулова
Атырау қаласы
2026 жылғы 30 қазан
№ 36
5