ҚҰРМЕТТІ ЖЕМ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
2022 жылғы 13 қыркүйек күні сағат 15.00-де Тұрғызба ауылындағы №4 орта мектептің акт залында Жылыой ауданы әкімі Ж.Қаражановтың Жем ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі және жеке қабылдауы өтетінін хабарлаймыз!
Кездесу Facebook (Zhem Akimi Apparaty Zhem) және Instagram (zhem_akimi_apparaty) желісіндегі парақшаларда тікелей эфир арқылы көрсетіледі.
Сонымен қатар, тұрғындардың аудан әкіміне қоятын сұрақтары мен ұсыныс-пікірлерін жинақтау үшін №4 орта мектептің ғимаратында және Жем ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында арнайы жәшік орнатылған.
Жем ауылдық округі әкімі аппараты