Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары
Атырау облысы Табиғи рсеурстар және табиғатты пайдалану басқармасы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 29 бабы 5 тармағына сәйкес қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, Астананың жергілікті атқарушы органдары, аталған Кодекстің 4-қосымшада көзделген үлгілік тізбесін негізге ала отырып, үш жылдық перспективаға қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейтіні белгіленген.
Кодекс талаптарына сәйкес дайындалған іс-шаралар жоспары, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілгеннен кейін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, Астананың тиісті жергілікті өкілді органымен бекітілетіні айқындалған.
Ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде Атырау облысының 2022-2024 жылдарға арналаған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасына мемлекеттік мекемелерден, қоршаған ортаны сауықтыруға бағытталған іс-шаралар мен ұсыныстар жинақталып, мүдделі жұртшылықтың қатысуымен қоғамдық тыңдау өткізіліп, өзгертулермен толықтырылулар ескеріліп, хаттама эко порталда орналастырылды.
Соған сәйкес, Атырау облысының 2022-2024 жылдарға арналаған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленіп, жоспар жобасы
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен келісілді.
Жоспарға облыстық бюджеттен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау бағытындағы іс-шаралар енгізілілді.
Іс-шаралар жоспары 7 бағытты қамтиды.
1) Атмосфералық ауаны қорғау;
Жобаға барлығы 2022-2024 жылдарға 57 іс-шаралар енгізіліп - 28,8 млрд.тг жоспарланды.
- 2022 жылы 6,9 млрд. теңге қаралып обыстың 2021-2025 жж әлеуеметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары аясында жұмыстар жүргізілуде.
- 2023 жылы 11,9 млрд. теңге
-2024 жылы 10,0 млрд. теңгеге жуық қаржы жоспарланды.
Іс-шаралар жоспары облыстық мәслихаттың кезекті XIX сессиясының қарауына енгізіліп, «Атырау облысының 2022-2024 жылдарға арналаған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын» бекітуге шешім жобасы дайындалуда.