Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижесі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың қорытындысы

Атырау облысы Құрылыс басқармасы» ММ 2023 жылдың 5 айының қорытындысы  бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген   ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық

АНЫҚТАМА

 

Атырау қаласы                                                                      «02» маусым 2023жыл

      

Атырау облысы Құрылыс басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері ішкі талдау жүргізу үшін басқарма басшысының бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау кезеңі:                                 2023 жылдың  01 мамырынан –01 маусым аралығы.

         Ішкі талдауға жататын бөлімдер:

  1. Әлеуметтік-инвестициялық жобалар бөлімі;
  2. Мемлекеттік сатып алу бөлімі;
  3. Жоспарлау- экономикалық бөлімі;
  4. Бухгалтерлік-есеп бөлімі;
  5. Құрылыс бөлімі;
  6. Жобалау сметалық құжаттама бөлімі;

         Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес  Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік тәртібін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мәні: «Атырау облысы Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні облыстық деңгейіндегі құрылыс қызметі мәселесі бойынша іс шараларды іске асыру болып табылады.

         Бақылау кезеңі: Басқарманың 5 айдағы қызметі

Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

-ҚР Әділет Министрлігі Атырау облысының Әділет департаменті Атырау қаласының Әділет басқармасы 2008 жылғы 30 сәуірдегі «Атырау облысы Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережесі;

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңы;

-2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңы;

- «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңы;

- Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралыҚазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңы;

-Атырау облысының 2020-2025 жылдарға арналған Аумақтық даму бағдарламасы;

- «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы;

- 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы;

-ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 бұйрығы, ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №129 бұйрығы;

- ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі;

-ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №195 бұйрығы;

-«Әлеуметтік инвестициялық жобалар» және «Игілік» бағдарламасы;

-«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының №434-V Заңы;

- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының №120-VI Кодексі;

- «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1193 қаулысы;

- «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысы;

- «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысы;

Басқарманың бюджет және қаржы қаражатын игеру бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  1. ҚР Бюджет кодексінің 97-бабының 6-бөлігінде және ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 04 желтоқсандағы №540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің» (бұдан әрі-№540 қағиданың) 21- тармағы 6) тармақшасында мемлекеттік мекеме жасалған  азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес тауарлардың берілуін, орындалған жұмыстарды және (немесе) көрсетілген қызметті растаудың дұрыстығы қамтамасыз етеді  деген талабы және ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.03.2015 жылғы №229 бұйрығымен бекітілген «Тапсырыс берушінің (Құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларды жүзеге асырудың қағидаларының» (бұдан әрі-№229 Қағида)                12-тармағы 1) тармақшасының «Тапсырыс берушінің қаржыландыру, есепке алу және есептілік саласында, заңнамалаық актілерде немесе шартта белгіленген мерзімдерде және тәртіпте нақты орындалған жұмыстарды қабылдау және оларға ақы төлеуді қамтамасыз етеді» деген талаптар сақталмау мүмкін.

Орындалмаған жұмыстар үшін  қаражат аударылуымен мемлекеттік қаржыны тиімсіз пайдалану және сыбайлас жемқорлыққа тәуекел туындайды.

Ұсыным:

 Орындалмаған жұмыстарға қол қою фактілері болдырмау мақсатында Басқарма қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңын және өзге де нормативтік құқықтық актілер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Ұсыным:

Құрылыс жұмыстарының орындалуы туралы актісін мердігер мекеме тапсырыс берушіге әр айдың 20 сында тапсыруды міндеттеу және қаражатты тиімді пайдалану мақсатында,  орындалған жұмыстар бойынша фотоесеп жіберу міндеттелді.

Сондай-ақ басқарма мамандарын құрылыс нысандарына жұмыс сапарымен баруын қамтамасыз ету және нысанды өндірістік жұмыс кестесіне сәйкес жүруін қадағалау.

 

 

Жұмыс тобының жеткешісі______________________ С.Тлеугалиева

 

Жұмыс тобының мүшелері ______________________ К.Кулбаева

 

Жұмыс тобының мүшелері ______________________ Б.Маженова