ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫНДА ҮШ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫНДА ҮШ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Бүгін басқарманың тапсырысымен салынған Шағырлы ауылындағы медициналық пункттың ашылу салтанаты өтті.
Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев қатысып, тұрғындарды жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады.
Нысанның құрылысы 2023 жылдың шілде айында басталды. Жалпы ауданы – 266,35 м2 ғимаратта егу бөлмесі, процедура бөлмесі, материал жинау және перфорациялық зерттеу бөлмесі, медбикелер, резидент бөлмесі, акушер бөлмесі, дәріхана, дезинфекциялық заттарды дайындауға және сақтауға арналған бөлме, техникалық қызметкерлер бөлмесі, тазалау жабдықтарын сақтау бөлмесі қамтылған.
Бас мердігер - «БатысСтройСервисАтырау» ЖШС.