Майкомген ауылында 200 орындық мәдениет үйі ашылды

Майкомген ауылында 200 орындық мәдениет үйі ашылды
Майкөмген ауылында 200 орындық мәдениет үйі ашылды.
 
Салтанатты шараға облыс әкімі С.Шәпкенов қатысып, тұрғындарды жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады. 
 
Мәдениет уйінің жалпы ауданы - 709,72 шаршы метр. Екі қабатты ғимаратта 200 орындыкқ концерттік зал, киім бөлмесі, костюмдер бөлмесі, 16 орындык асхана және касса, жуынатын бөлме бар. Сонымен қатар қызметтік кабинеттермен, уйірме және оқытушы бөлмелерімен, 12 орындық оку залы бар кітапханамен, 4 орындық медиатекамен және кітап сақтау бөлмелерімен жабықталған.
 
Мәдениет уйінің құрылыс жұмысы 2022 жылдың шілде айында басталды. Тапсырыс беруші - Жылыой ауданы құрылыс бөлімі.