GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Басқарма туралы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Все материалы
23 октября 2026
Атырауда әлеуметтік қорғау саласының үздіктері марапатталды
Атырауда Әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің күніне орай салтанатты жиын өтіп, сала ардагерлері мен бірқатар маманға мемлекеттік және ведомстволық марапаттар табысталды, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Салтанатты жиында Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Полымбет Хасанов сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтап, өңірдегі әлеуметтік қорғау жүйесінде жүзеге асқан өзгерістерге тоқталды.
– Қазір әлеуметтік салада елеулі өзгерістер жүріп жатыр. Былтыр өңірдегі әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдары Әлеуметтік кодекс талаптарына сәйкес лицензия алып, жұмыстарын жаңа талаптар негізінде жалғастырды. Биыл екі маңызды нысан ашылды. Оның бірі – қала іргесіндегі «Алмалы» мүгедектігі бар адамдарды оңалту орталығы болса, екіншісі – «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының жаңа бөлімшесі. Алдағы уақытта осындай орталықтардың тағы бірін Нұрсая ықшам ауданында ашу жоспарланып отыр, – деді Полымбет Хасанов.
Мерекелік жиында әлеуметтік қорғау саласының дамуына үлес қосып, кәсіби міндеттерін абыроймен атқарып жүрген мамандарға бірқатар марапат табысталды. Олар «Еңбек ардагері», «Салаға қосқан үлесі үшін», «Өз ісінің маманы», «Әлеуметтік саланың үздігі» медальдарымен және «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты, облыс әкімінің және оның орынбасарының Алғыс хаттары берілді. Сондай-ақ бір маманға «Атырау» шипажайында емделуге жолдама табысталды.
Салтанатты кеш мерекелік концертпен жалғасты.
Жұмыспен қамту
15 октября 2026
Жастарға кредиттерді беру бағытында құрылған бизнес-жобаларды іріктеу бойынша конкурс комиссиясының отырысы өтетіні туралы хабарландыру!

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У!!!

       2026 жылғы 19 қазанына сағат 16-00-де Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында (мекен-жайы: Азаттық 31а, жастарға  кредиттерді беру бағытында құрылған бизнес-жобаларды іріктеу бойынша конкурс комиссиясының отырысы өтетінін хабарлаймыз.

 

Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Әлеуметтік әріптестік
02 октября 2026
Астанада «Еңбек жолы» республикалық байқауының жеңімпаздары мен еңбек адамдарын марапаттау рәсімі өтті

       Астана қаласында Президенттік орталықта Еңбек күніне арналған «Еңбек – ел мұраты» республикалық форумы өтті.

       Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы Жарлығымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі елімізде «Еңбек күні» ретінде белгіленген.

       Бұл – күнделікті қажырлы еңбегімен еліміздің дамуына үлес қосып жүрген адал азаматтарды ұлықтайтын, еңбек құндылығын дәріптейтін айрықша мереке.

       Форумға жиналған азаматтарды әртүрлі кәсіп пен өңір ғана емес, өз ісіне ондаған жыл бойы адалдық танытқан еңбек жолы біріктірді.

       Шара аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан түрлі мамандық өкілдеріне мемлекеттік марапаттар табысталды.

       Олардың қатарында Атырау облысынан «Ерен еңбегі үшін» медалімен:
        - Орынбасар Құжантаев – «АтырауНефтеМаш» ЖШС газ кескіші, еңбек өтілі – 44 жыл;

  • Мұрат Сабитов – «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС машинисі, еңбек өтілі – 44 жыл.

       Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2016 жылдан бері еңбек әулеттері мен өндіріс жұмысшыларының арасында «Еңбек Жолы» республикалық конкурсын ұйымдастыруда. Оның басты міндеті – еңбек адамдары жайлы оң қоғамдық пікір қалыптастыру және кәсіпорындар мен мекемелерде жаңа еңбек әулеттерінің қалыптасуына жағдай жасау болып табылады.

       Аталмыш конкурс жыл сайын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылып, «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» және «Өндірістің үздік жас маманы» атты номинациялары бойынша жеңімпаздарды анықтап, марапаттайды.

       Форумда «Еңбек жолы» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

       Облысымыздан «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша Кошбағанбетовтер әулеті республика деңгейде 3-ші орынды иеленді.

       Конкурс жеңімпаздарын салтанатты түрде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Дипломмен марапаттап, сыйлықтар табыстады.

 

01 октября 2026
Атырауда өңірдің үздік еңбеккерлері марапатталды

Н. Жантөрин атындағы облыстық филармонияда Еңбек күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті. Оған Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов, еңбек ардагерлері, кәсіпорын өкілдері мен жас мамандар қатысты.

— Бұл мерекеде ең алдымен Тәуелсіздік алғаннан кейінгі бастапқы жылдарда еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан аға буынның ерен еңбегін еске аламыз. Әрқайсыңыздың еңбек жолыңыз — жастарға үлгі- өнеге.
Еңбек адамы — еліміздің тірегі. Қол жеткен белестің артында маңдай терімен, жауапкершілігімен, кәсіби шеберлігімен жылдар бойы түрлі салада абыройлы қызмет етіп жүрген азаматтардың еңбегі тұр. Облысымыздың дамуына үлес қосып жүрген баршаға ризашылығымды білдіріп, жаңа жетістіктер тілеймін,— деді Болат Ақшолақов.

Мерекелік іс-шарада “Еңбек жолы” байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды. “Үздік еңбек әулеті” номинациясында Қызылқоға ауданынан Көшбағанбетовтер отбасы жеңімпаз атанып, республикалық байқауға жолдама алды.

“Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері” номинациясы бойынша Қызылқоға ауданының тұрғыны, “Ембімұнайгаз” АҚ “Қайнармұнайгаз” мұнай және газ өндіру учаскесінің шебері Жұмабай Аманов жеңімпаз деп танылды.

Өндірістің үздік жас маманы атағына Мақат ауданында тұратын Арайлым Мақашова ие болды. Ол “Қазақстан темір жолы ”ҰК” АҚ Мақат локомотив пайдалану депосында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженер-технолог болып жұмыс істейді.

Жиында аймақтың дамуына үлес қосқан еңбек ардагерлеріне облыс әкімінің Алғысхаты табысталды.
Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Жұмыспен қамту
01 сентября 2026
Жастарға кредиттерді беру бағытында құрылған бизнес-жобаларды іріктеу бойынша конкурс комиссиясының отырысы өтетіні туралы хабарландыру!

 

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У!!!

       2026 жылғы 7 қыркүйегіне сағат 16:00-де Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында (мекен-жайы: Азаттық 31а, жастарға  кредиттерді беру бағытында құрылған бизнес-жобаларды іріктеу бойынша конкурс комиссиясының отырысы өтетінін хабарлаймыз.

 

Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

 

Жұмыспен қамту
28 августа 2026
Тұрақты тұруға рұқсат алу және қандас мәртебесін алу үшін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізудің негізгі кезеңдері
Жұмыспен қамту
19 августа 2026
Шетелдік жұмыс күшін тартуға бойынша

               

                 Мекеме, кәсіпорындарға, жеке кәсіпкерлер назарына!!!

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №274 «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 6 тармағына сәйкес,жұмыс берушілер жыл сайын 1 қазанға дейін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінімдерді (квота) ұсынады.

Осыған сәйкес, Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 2027 жылға шетелдік жұмыс күшін тарту үшін квотаға өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлайды.

2027 жылға шетелдік жұмыс күшін тарту үшін жұмыс беруші мекемелер жоғарыда көрсетілген Қағиданың 1-ші қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініштер толтырып және мекеменің арнайы хатымен Басқарманың кеңсе бөліміне (мекен-жайы: Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 31 А, 1-қабат, кеңсе бөлімі, электрондық пошта: a.zhakytova@atyrau.gov.kz, Ukzsp@atyrau.gov.kz) тапсыруы қажет.

Ескертпе: арнайы хатта жауапты маманның аты-жөні, телефон нөмірі, электрондық поштасы және 1-ші қосымшадағы нысан қолданыстағы заңға сәйкес толтырылуы қажет.

 

 

 

 

Әлеуметтік әріптестік
12 августа 2026
2026 жылғы «Еңбек жолы» республикалық конкурсының облыстық деңгейдегі жеңімпаздары

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ілгерілету мақсатында                          2016 жылдан бастап еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлері арасында өткізілетін «Еңбек жолы» республикалық конкурсы белгіленді.

           «Еңбек жолы» конкурсы жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту мүмкіндігін береді, үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындайды. Онда «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша жеңімпаздары марапатталады.

           Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның  шешімімен Облыстық деңгейде «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздары айқындалды:

«Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша Қызылқоға ауданынан Кошбаганбетовтер әулеті;

«Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша Мақат ауданынан Макашева Арайлым Азаматқызы, үздік және белсенді жас маман;

«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша Қызылқоға ауданынан Аманов Жумабай Исатайұлы, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер.

 

26 июня 2026
Ақпараттық хабарлама

                                               

                                                                 Ақпараттық хабарлама

 Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелеріне жария талқылау 2026 жылғы 12 маусымда басталғандығын хабарлайды.

Ұсыныс-пікірлеріңіз болған жағдайда 8(7122) 32-22-28 телефонына қоңырау шалуға немесе ukzsp@atyrau.gov.kz электрондық поштасына жолдауға болады.

Жұмыспен қамту
31 марта 2026
Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу

                               Хабарландыру

           Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 2026 жылғы сәуір айынан бастап «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына» енгізу бойынша өтінімдерді қабылдау басталатынын хабарлайды.

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы