Тас жолы қалырқа келтірілді

Тас жолы қалыпқа келтірілді

 

        Еріген қар суының салдарынан «Сағыз-Миялы-Индер» бағытындағы тас жолдың бойында орналасқан Соркөл елді мекенінің тұсындағы су өткізгіш құбырдан ағынды су өтіп үлгере алмай тасжол астын үңгіп, құлау қауіпін туындатқан болатын. 

 

       Осыған орай, Қызылқоға ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен тас жол жырылып, қауіпті жерге 5 камаз топырақ, 25 тн қиыршық тас (щебень) төгіліп, тегістелді. Бүгінгі таңда көлік қатынасы бірқалыпты жүруде, қауіп сейілді.

Жарияланған күні

28 наурыз 2024 13:12

Жаңарту күні

28 наурыз 2024