Мемлекеттік рәміздер- мемлекет тәуелсіздігінің айырым белгісі. Мемлекеттік рәміздер ұлттық бірегейліктің қалыптасу тірегі және әрбір мемлекеттің дамуының ажырамас бөлігі. Мемлекеттік рәміздер мәдениетіміз, тарихымыз бен менталитетіміздің көркем туындысы. Мемлекеттік рәміздер арқылы елімізді бүткіл әлемге танытуға болады. Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздер екені анық. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып ту, елтаңба және әнұран табылады. Ту- тұтастық пен бірліктің, ынтымақтың белгісі. Ол елдік пен егемендікті дүниеге паш етіп тұрады. Гимн- өлеңге жазылған, әр азаматтың кеудесінде шырқалып тұратын салтанатты ән. Елтаңба- елдіктің белгісі. Шаңырақ бейнеленген елтаңба- елімізде мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысы, біртұтас Отанның символын белгілейді. Рәміздер- әр азаматтың бойындағы патриоттық сана-сезімді күшейтеді. Отанға деген махаббатты арттырады.
Қорыта келе, тәуелсіз елдің аспанында елтаңбамыз елдіктің нышанын бейнелеп, туымыз желбіреп, әнұранымыз шырқалып тұра бергей.