Қызылқоға ауданы бойынша 2027 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асырылуын мониторингтеу және нәтижелерін бағалау қағидаларына 1-қосымша

Нысан

Қызылқоға ауданы бойынша 2027 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат

№

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

Қаржыландыру

дың жоспарланған көлемі (мың. теңге)

Ақпараттың дерек көзі көрсетілген негіздеме

Халықтың нысаналы тобы

Күтілетін нәтиже

1

Ұлттық спортты дамыту.

(Құнан жарыс, тай жарыс, аламан бәйге, )

6 000 000 теңге

ҚР «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы. Ауданда ұлттық спорт түрлерін дамыту, халық арасында ат спортына қызығушылықты арттыру және ұлттық құндылықтарды сақтау қажеттілігі.

Қызылқоға ауданының тұрғындары, ауыл жастары, ұлттық спортқа қызығушылық танытатын азаматтар, шабандоздар мен ат бапкерлері.

Құнан жарыс, тай жарыс және аламан бәйге жарыстарын ұйымдастыру арқылы ұлттық спорт түрлерінің дамуына ықпал ету, жастардың ұлттық салт-дәстүрге қызығушылығын арттыру, бұқаралық спортты насихаттау және аудан тұрғындарын ұлттық спортқа тарту.

2

«Марафон – 2027» жүгіру жарысы

5 240 000 теңге

ҚР «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы. Халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, жүгіру спортын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту қажеттілігі.

Қызылқоға ауданының тұрғындары, жастар, оқушылар, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, спорт әуесқойлары және барлық жастағы азаматтар.

«Марафон – 2027» жүгіру жарысын өткізу, аудан тұрғындарын бұқаралық спортқа тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, жүгіру спортына қызығушылықты арттыру және тұрғындардың дене белсенділігін көтеру.

3

«Тарихқа тағзым» мектеп оқушыларын тарихи орындарға баруына экскурсия ұйымдастыру

1 500 00 теңге

ҚР «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңы. Өңірдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, насихаттау және өскелең ұрпақтың туған өлке тарихына қызығушылығын арттыру қажеттілігі.

Қызылқоға ауданының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары.

Мектеп оқушыларының аудан және өңір аумағындағы тарихи-мәдени орындарға танымдық экскурсиялары ұйымдастырылады. Оқушылардың туған өлке тарихына қызығушылығы артып, тарихи мұраға құрметі қалыптасады, отансүйгіштік сезімі нығаяды.

4

«МҰРА.LAB: Ұрпақтан ұрпаққа» – ұлттық мәдени мұраны сақтау, жаңғырту және насихаттауға бағытталған этнофестиваль ұйымдастыру.

5 000 000

теңге

ҚР «Мәдениет туралы» Заңы. Ұлттық мәдени мұраны, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтау, жаңғырту және жас ұрпаққа насихаттау қажеттілігі.

Қызылқоға ауданының тұрғындары, жастар, мектеп оқушылары, қолөнер шеберлері, мәдениет саласының қызметкерлері, ардагерлер мен ақсақалдар.

«МҰРА.LAB: Ұрпақтан ұрпаққа» этнофестивалі өткізіледі. Ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар дәріптеліп, қолөнер мен ұлттық өнер түрлері насихатталады. Жас ұрпақтың ұлттық мәдениетке қызығушылығы артып, ұрпақтар сабақтастығы нығаяды.

5

«AUYL-BOOKSTATION» оқитын ұлт марафоны

5000000 теңге

ҚР «Мәдениет туралы» Заңы. Халық арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, рухани-мәдени құндылықтарды насихаттау, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру қажеттілігі.

Қызылқоға ауданының мектеп оқушылары, жастар, студенттер, мұғалімдер, кітапханашылар және аудан тұрғындары.

«AUYL-BOOKSTATION» оқитын ұлт марафоны ұйымдастырылады. Халық арасында кітап оқу мәдениеті қалыптасып, оқырмандар саны артады. Жастардың әдебиетке, білімге және рухани құндылықтарға қызығушылығы артады.

Барлығы

22 740 000 теңге

Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту,

дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысыС.Салықов

Жарияланған күні

10 қараша 2026 10:23

Жаңарту күні

10 қараша 2026

Срок публичного обсуждения

10 қараша 2026