
Абат Ақбалашұлы 1965 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылында дүниеге келген.
1997 жылы Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау Мемлекеттік Университетін «қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі» біліктілігі бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1983 жылы «Қызыл ту» кеңшарында комсомол жастар бригадасында шопан болып бастаған.
1984-1986 жылдары қатардағы жауынгер, 1986-1989 жылдары «Қызыл ту» кеңшарында жұмысшы, 1989-1990 жылдары Солтүстік-Ембі мұнайгаз барлау бірлестігінде бұрғышы көмекшісі, 1990-1997 жылдары Атырау облыстық телерадио компаниясында дыбыс режиссері, телерадио журналисті, редактор, 1998-2002 жылдары «Прокуратура жаршысы» газетінде тілші, 2002-2004 жылдары «Ақ жайық» газетінде тілші, 2004-2006 жылдары Атырау облыстық соттар әкімшісінде аудармашы, облыстық сот пен соттар әкімшісінің жанындағы «Әділ сөз» қоғамдық құқық қорғау газетінің редакторы қызметін қоса атқарды, 2006 жылдың сәуір айынан-желтоқсан айлары аралығында Қызылқоға ауданы әкімінің аппаратында инспектор, бас маман, 2006 жылдың желтоқсан айынан бастап 2019 жылдың қараша айына дейін Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман, 2019 жылдың қараша айынан бастап 2022 жылдың шілде айына дейін Көздіғара ауылдық округінің әкімі, 2022 жылдың қазан айынан бастап «Шалқыма» мәдениет үйі МҚКК шаруашылық меңгерушісі. 2025 жылдың 5 ақпанынан бастап Ойыл ауылдық округ әкімі лауазымын атқарып келеді.
Отбасылы, бес баласы бар.