Меню

Страницы

Статья

Информация о проделанной работе по всеобщей праворазъяснению

Аудан әкімдігінің 2017 жылы 28 желтоқсандағы № 583 қаулысымен бекітілген Құрманғазы ауданында 2017-2022 жылдарға арналған Құқықтық ағарту саласын жетілдіру жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша іс–шаралар жоспарының аудандық  ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша  орындалысы  туралы хабарлама

         Ауданның 19 ауылдық округтерінің орталық көшелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы, зорлық-зомбылықтың алдын алу, нашақорлыққа қарсы және Елбасының «Мәңгілік Ел» жалпұлттық патриоттық идея құндылықтарын насихаттауға арналған  тақырыбында билбордтар, ЛЭД экрандаға ақпараттық материалдар тұрақты жарияланып тұрады. Құқықтық ағарту саласын жетілдіру жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру мақсатындағы көрнекі ақпарат құралдарына (билбордтар, банерлерге) тапсырыс беріліп алдағы уақытта қосымша орнатылатын болады.

Азаматтарды және заңды тұлға өкілдерін қабылдау кестесі бөлім басшысымен бекітілді. Кестеге сай азаматтарды және заңды тұлға өкілдерін қабылдау аптасына 2 рет (сейсенбі және жұма күндері сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін) өткізіледі.  Және де қабылдау кестесі Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсында (atyrau.gov.kz сайты ) және аудандық «Серпер» газетінде жарияланды. Сондай-ақ, әр айдың соңғы жұма күні бөлімде  «Ашық есік күні» деп белгіленді. 2020 жылдың тамыз айында «Фейсбук» әлеуметтік желісінде тікелей эфирде бөлім басшысының халықпен сұхбаты өтті. «Фейсбук» әлеуметтік желісінде бөлімнің арнайы парақшасы ашылған, онда ауданда өткізілген мәдени көпшілік шаралар туралы ақпарат, фотосуретерімен қоса дер кезінде орналастырылып отырады, бұл бағыттағы жұмысты үнемі жүргізіп отыру бөлім басшысының арнайы бұйрығымен бөлімнің жауапты  маманына жүктелген.

Елбасының жыл сайынғы жолдауы мен үндеулері және мақалалары тұрғындар арасында ақпараттық насихат жұмыс жоспарлы түрде жүргізілуде. Бұл бағытта аудан әкімінің шешімімен аудандық ақпараттық-насихаттық топтар мен олардың елді мекендерді аралау кестесі бекітілді. Сонымен қатар, аудан әкімінің шешімімен аудандық діни ақпараттық топ құрылып, Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық – талдау орталығының Құрманғазы аудандық «Аудандық жұмыстарды үйлестіру» бөлімінің бірлесіп, тұрғындар арасында тақырыптық ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде. Жастар арасында сауалнамалар жүргізілді. Ақпараттық–насихаттық топ құрамдарында мемлекеттік орган қызметкерлерімен қатар, қоғамдық ұйымдар мен зиялы қауым өкілдері, құқық қорғау қызметкерлері бар.

2020 жылдың 15 қазан күні Атырау облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде Облыстық АТТ жоспарына сәйкес, Құрманғазы ауданындағы Ы.Алтынсарин, Ақкөл, Ә.Сәрсенбаев және Панфилов мектептерінің жоғарғы сынып оқушыларына «Рухани құндылықтарды жаңғырту – радикалды идеологияның алдын алу құралы» атты "Zoom" бағдарламасы  арқылы  кездесу өтті. Аталған шараға облыстық АТТ мүшелері, дін мамандары Шүкіріддін Темірқұлұлы мен Ернар Абзалұлы, Атырау облысы Дін істері басқармасының Ақпараттық талдау орталығының Құрманғазы ауданы бойынша бөлім маманы Досқалиев Қуанышбек,  Құрманғазы ауданының Жастар ресурстық орталығының басшысы, АТТ мүшесі Боранғалиев Ернар, Құрманғазы аудандық АТТ мүшесі Сапарова Ұлмекен қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шара соңында оқушылардан түрлі діни сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан тұщымды жауаптар берілді. Шараға 87 адамды қамтыды.

27 қазан күні «Дін саласындағы проблемалық мәселелердің алдын – алу, құқықтық-ақпараттық түсіндіру жұмыстары» мақсатында «Құрманғазы аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауыл имамандарымен аудан әкімінің үлкен мәжіліс залында кездесу өткізді. Жиынға «Темірәлі» мешітінің бас имамы Е.Бегалиев, найб имам С.Жанханов, Облыстық Дін істер басқармасы жанандағы «Ақпараттық – талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Аудандық жұмыстарды үйлестіру» бөлімшесінің маманы Қ.Досқалиев, Жастар ресурстық орталығының басшысы Е.Боранғалиев, және ауылдық округтердің имамадар, барлығы                    20 адам қатысты. Кездесу барысында Құрманғазы аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ж.Шамбузов «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453 және 490 баптары туралы және ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының талаптары туралы» хабарлама жасаса, аудандық «Темірәлі» мешітінің бас имамы Еламан Бегалиев «Қазіргі пандемияға байланысты, карантин жағдайындағы діни рәсімдер мен жоралғыларды атқарудағы тәртіптердің сақталуы» тақырыбында хабарлама жасады.  Хабарламларға сәйкес қатысушылар сұрақтар қойып, жуаптар алды.  

Кездесу соңында ақпараттық түсіндірме материалдары мен «Дүрбі» аймақтық қоғамдық-танымдық газеті таратылды.

Сонымен қатар, ауданның мәдени мекемлері де түрлі діни тақырыпта онлайн шаралар өткізіп, фейсбук әлеуметтік желісіне жариялап келеді. Атап айтқанда: С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің «Діни экстремизм – қоғамның діни тұтастығын бұзатын әрекет», «Құрбан айт-ұлық мереке» шарасы және «Терроризмге қарсы күрес» тақырыбында діни бағыттағы бейнеролик жасалып, әлеуметтік жарияланды.

https://www.facebook.com/groups/166685123970015/permalink/698583180780204/

https://www.facebook.com/groups/166685123970015/permalink/696767097628479/  

Кудряшов ауылдық клубының «Теріс діни ағымның апарар жолы қараңғылық қана» шарасы өтті.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=361998415010578&id=100036012672287&sfnsn=mo

Мақаш ауылдық округіндегі «Шабыт» мәдениет үйінің терроризмнің алдын алу тақырыбындағы бейнеролигі әлеуметітк желіге  жарияланды. https://www.facebook.com/groups/166685123970015/permalink/628359921135864/ 

Дыңғызыл ауылдық мәдениет үйінің «Діни экстремизм, терроризм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп»  шарасы өтті.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=196418002025723&іd=100049725736136

Байда ауылдық клубының «Жастарды жат ағымнан арашалау – басты міндет», https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=388193009050220&id=100035785725243

«Діни экстремизм – опат болудың жолы»,

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=646545229360653&id=100020155455295

Еңбекші ауылдық клубының «Діни экстремизм – қауіпті құбылыс» тақырыбында онлайн шаралары өтті.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=399734401204038&id=100035024431099 

Ақкөл мәдениет үйінің «Рухани келісім – бейбітшілік тірегі»,

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=355699885851793&id=100042353530284&sfnsn=mo

және «Діниэкстремизм мен терроризм қоғамға төнген қауіп» тақырыбындағы бейнеролик,

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=355681942520254&id=100042353530284&sfnsn=mo

Теңіз ауылдық клубының терроризмнің салдары туралы бейнеролигі әлеуметтік желіге жарияланды. 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=174602250887209&id=100050123063467&sfnsn=mo

Сүйіндік ауылдық мәдениет үйінің «Діни экстремизмге жол бермеу-басты міндет» тақырыбында бейнеролик,

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=817990449016825&id=100024176326643&sfnsn=mo

Сафон «Дін – тәрбие бастауы» тақырыбында бейнеролик,

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=717563419022813&id=100023074851092

Жаңаталап  ауылдық клубының «Терроризм діни емес әлеуметтік құбылыс», https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1092325991187212&id=100012294639539&sfnsn=mo

«Терроризм-елге төнген қауіп» тақырыптарында онлайн шарасы, 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1094079181011893&id=100012294639539&sfnsn=mo

Лабай ауылдық клубының  «Діни экстремизм –әлемге төнген қауіп» тақырыбындағы тренинг, пікірталас кеші, «Дін – рухани байлықтың көзі» тақырыбындағы дөңгелек үстел,

 https://www.facebook.com/100055881072474/posts/128308105708558/

Бірлік  "Діни экстремизм- құрдымға апарар жол"

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=113824457184724&id=100056715108638

«Діни экстремизм - қоғамдағы өзекті мәселе" тақырыптарындағы бейнеролик,

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=212388243667894&id=100046901595042&sfnsn=mo

Нұржау мәдениет үйінің   "Жат ағымды білесіз бе?" онлайн шарасы,

https://www.facebook.com/100033097934386/posts/326220518491210/ 

Ұштаған «Терроризм –бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» онлайн шарасы

https://www.facebook.com/100114001483213/posts/206684647492814/?sfnsn=mo

Шортанбай мәдениет үйінің «Діннің тұтастығы- елдің тұтастығы» тақырыбындағы имандылық сағаты.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=775380509972481&id=100025016177728  тағыда басқа шаралар өтуде.

         Фейсбук әлеуметтік желісінде бөлімнің және бөлімге қарасты мекемелердің жеке парақшалары ашылып, онда ауданда өтетін және өткен шаралар, хабарландырулар жарияланып келеді. Бөлімнің ресми интернет ресурсында бөлімнің ережесі екі тілде жарияланды. 

Сонымен қатар, аудандық серпер газетіне және ресми интернет ресрусқа «Құрманғазы ауданында бейбіт жиналыстарды өткізу туралы» аудандық маслихаттың шешімінің жобасы жарияланып, қоғамдық талқыға ұсынылды.

Сондай ақ, Құрманғазы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар , арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормасы, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары туралы ақпарат жариялданды.

Бөлімнің бекітілген жылдық жоспарына сәйкес 2020 жылдың                       02 қыркүйек  күні аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы алқа мәжілісі өткізілді, оған бөлімге қарасты мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты /111 адам/. Алқа мәжілісінде мәдени мекемелер мен орталықтандырылған кітапхана жұмысының 2020 жылдың І жарты жылдығында  атқарған жұмыстары сараланып, алға қойылған міндеттер айқындалды. Сондай-ақ, құқықтық сауаттандыру мақсатында ҚР Еңбек Кодексінің кейбір баптары бойынша қызмет бабында жие кездесетін мәселелер туралы түсінік берілді. Бөлімге қарасты барлық мәдени мекемелерге қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет  қалыптастыру үшін «Таңдау өзіңде»,   «Пара беру  жазаланады», «Бір пара–екі қылмыскер», «Өз елінің патриоты сыбайлас жемқорлықты жасырмайды», «Мақсат тұрмыстық жемқорлықты жою», «Әділдік. Сенімділік. Парасаттылық» атты жадынамалар, сонымен қатар халықтың терроризмге қарсы түсінігін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыру мақсатында  халық шоғырланатын барлық мәдени мекеме ғимараттарында  түрлі түсті жадынамалар ілінді. Жадынамалар жыл сайын жаңартылып отырады.

Аудандық орталық кітіпхананың ұйымдастыруымен «Нашақорлық – ғасыр дерті» тақырыбындағы «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының және «Шапағат» орталығының дінтанушы, тарихшы маманы Ернар Абзалұлымен онлайн кездесуі өткізілді.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=696986194407214&id=100022875192492%C2%A0%C2%A0%C2%A0 (хабарландыруы)

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=696261847812982&id=100022875192492  (шарасы)

Конституция  күні  барлық  қазақстандықтар  үшін  қасиетті мереке. Ата Заң – қоғамымыздағы  барлық  жетістіктердің  қайнар  көзі, қазақ  елінің  бірден – бір  мызғымас  бірлігінің  символы  және  оның  заңдық  тұрғыдан  алғандағы  құқықтың  қамтамасыз  етуші  құжаты  болып табылады.

  30 тамыз - Ата Заңымыздың 25 жылдығына орай азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы білімді қалыптастырып, өз құқығын қорғай білетін оқырманды тәрбиелеу мақсатында  аудандық орталық, аудандық балалар, Сафон, Шортанбай, Қызылоба, Бірлік, Жаңаталап, РТС, Приморье, Калинин, Еңбекші, Морской, Балқұдық, Қиғаш, Жасталап, Қоңыртерек ауылдық кітапханаларында «Ардың шыңы-Ата Заң», «Конституция- өркениет пен мәдениеттің тоғысы», «Ата Заң-қоғам дамуының кепілі»  «Ата Заң - азат елдің асыл мұраты», «Ата Заң- елдігімнің еңсесі», «Ардақтысың Ата Заң», «Тәуелсіздік тірегі – Ата Заң», «Айбарлы асқақ елді асқақтатар Ата Заң», «Ардың шыңы – Ата Заң» тақырыптарында виртуалды кітап көрмелері шығарылды, аудандық орталық кітапханада библиографиялық шолу ұсынылды.

Кітап көрмелеріне қазақ  ғылымында  алғаш  рет « Жеті  жарғы»  ұғымына  негіз  болған  әдет- ғұрып  заңдары мен  ережелерін  жинақтаған, дәстүрлі  мемлекет  және құқық  ережелері  турасында  қолданысқа  түсе  бермейтін  тың  деректер мен пайымдауларды  енгізілген Ж.Артықбаевтың   «Жеті  жарғы» - мемлекет  және құқық ескерткіші» \2012\тарихи- этнографиялық  деректер жинағы, белгілі тарихи тұлғалардың, ойшылдардың, жиһангерлердің, ғылым мен мәдениеттің бұрын – соңды көрнекті өкілдерінің еркіндік идеяларына негізделген қазақ әдет – ғұрып заңдары, олардың «ежелгі болмысы» туралы ойлары мен пікірлері, атақты билер: Майқы би, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, олардың ел басқару, ел бірлігін сақтау, шешендік билік дәстүрлері, әділет және адамгершілік жолындағы күрестері мен мұралары жайлы сөз болған «Қазақтың ата заңдары» ( 2001) кітабы, қазақ елінің антикалық дәуірден ХХ ғасырдың басына дейін мемлекеттік құқық ретінде қолданылып келген дәстүрлі құқығы және әр дәуірдегі қоғамдық формацияларда құқықтық заңнамалық рөл атқарған ұлтымыздың әдет – ғұрып, салт –сана, жол – жора, тәртіп низамдары ғылыми тұрғыда талданған Қ. Омархановтың «Қазақ елінің дәстүрлі құқығы» (2003) басылымы, заң ғылымдарының докторы, профессор Ө. Қопабаевтың заң және құқықтану саласындағы көп жылдық жемісті ғылыми еңбектері енгізілген «Ата Заң – мемлекет дамуының іргетасы» (2012), дәстүрлі қазақ қоғамындағы билер соты мен билер образын, қазақтың отбасылық әдет – ғүрпы туралы  жазылған  «Қазақтың Ата Заңдары – Древний мир права казахов»  10 томдығы (2006), қазақ жеріндегі құқықтық және саяси ойдың негізгі мұраларын қамтып, «Мәдени мұра» – бағдарламасы бойынша шығарылған еңбектердің деректерін негізге ала отырып құрастырылған «Қазақстанның құқықтық және саяси ой тарихының хрестоматиясы» (2012), шарттық және шарттық емес міндеттемелік құқықтық қатынастардың ең маңызды болып келетін тұстарына тоқталған Ғ. А. Жайлиннің «Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» кітабының 1 –ші ( 2007), 2- ші (2008) томдары, Қазақстан халқының назарында болған небір ауыр да күрделі сот істерін заңды және негізді шешімдермен аяқтап, тек сот жүйесі мамандарының емес, қалың елдің абыройына бөленген С. Сәкеновтің өмір жолы мен атышулы «Қорғас ісі» процесінің барысы баяндалған «Ар мен Заң алдында» (2019) кітабы, прокуратура органдары ұстанған бағытты одан әрі өрістетіп, бірлігімізді бекіте түсіп, тарихымызды түгендеуді жалғастыру парыз екендігі айтылған, түрлі авторлардың, олардың ішінде прокуратура қызметкерлерінің, бүгінде ортамызда жүрген және марқұм болған ардагерлердің, Атырау прокуратура органдарының өткен жолдарын, бүгінгі тыныстарын баян етуге арналған мақалалары, очерктер мен естеліктері кірістірілген «Заңға – құрмет, әлеуметке – әділет» (2003) , сонымен қатар жергілікті ақын Н. Нұғмановтың Ата Заңымыз туралы өлеңі кірістірілген «Шапағатты шақ» (2014), Т. Дәрелұлының «Жүрегімнің жыр емі» (2018) жыр жинақтары т.б. әдебиеттер оқырмандар назарына ұсынылды.    

           Конституцияның сипаты, маңызы туралы түсінік бере отырып, жас оқырмандарды өз Отанын сүюге, Конституциямызға құрмет  көрсетуге тәрбиелеу мақсатында аудандық балалар кітапханасында  «Ата  Заң- алтын тұғыр» тақырыбында онлайн ақпарат сағаты өткізілді.

  Қаншама қиындық көрсе де, Қазақ елінің аумағында ғасырлар бойы шапқыншылық болып, астан-кестең оқиғалар мен өзгерістер орын алса да, көне дәуірден бастау алған ата-бабамыз екі құндылықты мәңгілік сақтап қалды, ол Сөз құдыреті мен Заң құдыреті.

Осы жылы ата бабаларымыз армандаған   азаматтығымызды, егемендігімізді айқындайтын Ата  Заңымызға 25 жыл толып отыр. Шара жүргізушісі Ата Заңымыздың қалыптасу тарихының кезеңдері, және оның басты ерекшеліктері туралы айтты. Ата Заң - әрбір азаматтың конституциялық құқын танытатын, әр қазақстандық бұлжытпай орындайтын заңдардың темірқазығы екендігіне тоқталып, адамның құқығы мен міндеті Заңда толық көрсетілгенін, тек соны әркім өз білгенінше, өз қалауынша жүрмей, жауапкершілікті орындауға міндетті екендігін, біздің бүкіл тыныс-тіршілігіміз, өмір салтымыз, қоғамның тамыр бүлкілі – барлығы сол Заңнан бастау алатынын жеткізді. Кітапхананың кішкентай оқырмандары Ата Заңымыз  туралы ақындардың өлең жырларын оқып, шараға өз үлестерін қосты.

Ақкөл, Жаңаталап, Сафон, Жасталап, Бірлік, Қызылоба, Лабай ауылдық кітапханалары «Құқықты білу заман талабы»,  «Ата Заң-абыройың», «Айбарлы асқақ елді асқақтатар Ата Заң», «Азат елдің ар-намысы – Ата Заң», «Ата Заңым - айбыным», «Ата Заң – елдігімнің еңсесі» тақырыптарында ақпараттық сағаттар, Шортанбай, Балқұдық ауылдық кітапханалары «Конституция-мемлекетіміздің алтын қазығы», «Барша Заңның қайнар көзі-Ата Заң» атты тақырыптық кештер ұсынды.  Кітапханашылар шара арқылы ҚР –ның Конституциясының маңызын және мәнін айшықтау, оқырмандарды Ата Заңымызды құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауатылыққа тәрбиелеу, таным белсенділіктерін ұштау мақсатын көздегендерін айта келіп, ҚР-ның Конституциясының қабылданғанына 25 жыл толып отырғандығын, Ата Заңымыз біздің мемлекетіміз бен оның азаматтарына мінсіз қызмет етіп келе жатқанын,  көпұлтты халқымызға Ата Заңымыздың айбынының биік тұрғаны, оның қалтқысыз орындалуына үлес қосу басты міндетіміз екенін баяндады.

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына тегін заң көмегін көрсету мақсатында 2020 жылдың 2 сәуір және 26 тамыз күндері  аудандық жастар ресурстық орталығының акт залында «Pro bono» заң көмегін көрсету бағдарламасы шеңберінде және «Ата заң аптасы» адвокат Сапарова Ұлмекен Қибатуллақызымен  аудан тұрғындарымен кездесу өткізілді. Шараға негізінен ауданның аз қамтылған отбасы мүшелері, жастар қатысты. Кездесу барысында тұрғындар өздерін мазалап жүрген сұрақтарға заң тұрғысынан жауаптарын алды.

Сонымен қатар, 2020 жылдың 24 шілде мен 3 тамыз аралығында  «Жас қоғам» жастар бастамаларын қолдау қоры арнайы бекітілген кестеге сәйкес, 19 ауылдық округ тұрғындарымен онлайн форматында кездесу өткізді. Әр онлайн кездесу 5 сағат өткізілді. Кездесулер барысында заңнамалық тұрғыдан дәрістер оқылып, құқықтық түсіндірулер берілді. Аталған кездесулерге аудандық салалық дербес бөлім басшылары да қосылып, тұрғындардың туындаған сұрақтарына жауап берді.

28 ақпан күні аудан жастарына және жалпы тұрғындар арасында үкіметтік емес ұйымдарды құру және мемлекеттік гранттарға ие болу жолдары туралы толық ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу масқатында облыстық ішкі саясат басқармасы жанынан құрылған Азаматтық орталықтың мамандары келіп, аудандық Жастар ресурстық орталығының акт залында семинар-тренинг өткізді. Семинарға аудандық үкіметтік емес ұйым өкілдері мен ауданның белсенді жастары және еріктілер қатысты.

 Ағыдағы жылдың 15 маусым күні Құрманғазы ауданы әкімдігінде, аудан әкімінің міндетін атқарушы Ж.Хасанов, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасына бойынша, «Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттің өзара іс-қимылын дамыту жөніндегі 2016-2020 жылдарға арналған Ұлттық жоспарына» сәйкес, аудандағы үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуге «Құрманғазы аудандық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Гүлсара Қайрленова, «Құрманғазы туған жер» қоғамдық қорының төрағасы Азамат Абдуллаев, "Нұртамшы" балалар қоғамдық бірлестігінің өкілі Рүстем Тоқаев, «Құрманғазы ауданының Жеке кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтарының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Нұрболат Тлепбергенов, «Жайдарлым» қоғамдық қорының өкілі Ақбота Мырзағалиевалар қатысты.

Кездесу барысында қоғамдағы өзекті мәселелер мен үкіметтік емес ұйымдардың проблемалық мәселелері талқыланып, ұсыныс–пікілері ортаға салынды. Және олардың шешу жолдары талқыланды.

Сонынмен қатар, ағымдағы жылдың 18 маусым күні, ҚР «Ақпарат және даму министірлігінің» қолдауымен және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамның басшылығымен «Атырау облысы Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі Құрманғазы ауданындық Жастар ресурстық орталығының акт залында «Атырау облысындағы ауылдық үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру» гранты тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты: Атырау облысындағы ауылдық үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру мақсатында Атырау облысындағы ауылдық елді мекендерде халықтың белсенділігін арттыру. Білім беру қызметін ұйымдастыру және жүргізу арқылы ауылдық үкіметтік емес ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру. Аудандық үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық кеңестердің қызметі мен қажеттіліктерін талдау мақсатында ауылдағы үкіметтік емес ұйымдардың сұранымдарын талдау. Қоғамдық кеңестің жұмысшы-сараптамалық топтарының құрамында және дербес түрде, аудандарға барып, ауылдық қоғамдық кеңестің мүшелерімен, бастама топтардың мүшелерімен мен аудандардағы жастар маслихатының депутаттарымен, әлеуметтік кәсіпкерлер және белсенді ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіп, үкіметтік емес ұйымдарды ауылдық елді мекендерде құруына жәрдемдесу. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан бөлінген қайтарымсыз грант туралы түсіндіру мақсатында семинар-тренингте өткізіліді. Семинар-тренингте Құрманғазы ауданында ауылдық үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру, үкіметтік емес ұйымдардың гранттық жоба аясында конкурсқа қатысуы, грант түрлері мен әлеуметтік кәсіпкерлік туралы кеңінен айтылды.

Құқықтық ағарту саласын жетілдіру жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша іс–шаралар жоспарының Құқықтық ағарту саласын жетілдіру жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша іс–шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар жалғасын таба бермек.

Еліміздің танымал, елге еңбегі сіңген азаматтарды насихаттау барысында С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Еңбек және тыл ардагері Муапих Шәріпұлының туғанына 100 жыл толуына орай «Өнегемен өрілген өмір» атты мәдени шарасы, Төлеген Ахметжанов атындағы халықтық қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің «Өнерді дәріптеген озық ұжым» атты есептік концерті,  Мемлекет қызмет саласының ардагері, «Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы», Еңбек ері Сағынжан Рахимовтың 70 жасқа толуына арналған «Ұрпағына ұлағат ғұмыр жолы» атты мәдени шарасы, Ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты, Құрманғазы ауданының «Құрметті азаматы», еңбек ардагері Абдошев Елемес Дәулетұлының 80 жасқа толуына арналған «Еңбек майталманы ерекше құрмет» атты мәдени  шарасы, сонымен қатар аудандағы үлгілі отбасыларын насихаттауға бағытталған   «Мерейлі отбасы» аудандық отбасылық сайысы, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Юсупов Отар Әкімқұлұлының туғанына 100 жыл толуына арналған «Ғибратты ғұмыр» атты тарихи-танымдық шарасы, жерлесіміз, публицист-жазушы, өлкетанушы Өтепберген Әлімгерейұлының 70 жасқа толуына арналған «Өлке тарихының ақтаңгері» атты мәдени  шарасы, ҚР ның еңбек сіңірген қайраткері Гүлшара Есетқызына арналған мәдени шарасы , «Еңбегі елге мәлім ұлы тұлға» атты ауданның ардагер ұстаздарымен кездесу кеші, Гумаров Асқар Дүйсенғалиұлының 70 жасқа толуына арналған «Жетпістің  желкенінде ел ағасы» атты мәдени шара «Өлеңнен тұмар таққан жыр Маржан» атты ҚР Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, ақын Маржан Ершумен кездесу кеші «Шыңырау-Шәміл» атты күйші-домбырашы, ҚР ның еңбек сіңірген қайраткері Шәміл Әбілтаймен кездесу кеші   ұйымдастырылып, өткізілді.

Құқықтық ағарту саласын жетілдіру жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша іс–шаралар жоспарының Құқықтық ағарту саласын жетілдіру жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша іс–шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар жалғасын таба бермек.

Ақкөл, Жаңаталап, Сафон, Жасталап, Бірлік, Қызылоба, Лабай ауылдық кітапханалары «Құқықты білу заман талабы»,  «Ата Заң-абыройың», «Айбарлы асқақ елді асқақтатар Ата Заң», «Азат елдің ар-намысы – Ата Заң», «Ата Заңым - айбыным», «Ата Заң – елдігімнің еңсесі» тақырыптарында ақпараттық сағаттар, Шортанбай, Балқұдық ауылдық кітапханалары «Конституция-мемлекетіміздің алтын қазығы», «Барша Заңның қайнар көзі-Ата Заң» атты онлайн тақырыптық кештер ұсынды. 

«1424 СаII- орталығы» туралы  ақпараттық  флаэр аудандық орталық, аудандық балалар кітапханаларында ұйымдастырылған  «Сыбайлас жемқорлық – қоғам  кесапаты», «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыптарындағы онлайн кітап көрмелеріне орналастырылды.

РТС ауылдық кітапханасы «Дін-ізгілік ұйытқысы» тақырыбында онлайн  библиографиялық шолу жасады. 

Елімізде болып жатырған төтенше жағдайға байланысты аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Жәрдем –Атырау» корпоратитік қорының және «Шапағат» орталығының дінтанушы, тарихшы маманы Ернар Абзалұлымен «Терроризм-ғасыр дерті» тақырыбында «Фейсбук» әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде сұхбат жүргізілді. Рамазан – Құран Кәрімнің асыл аяттары түсе бастаған мұсылман жұртшылығының қасиетті айы. Еңбекші ауылдық кітапханасы қасиетті Рамазан айына байланысты Мұхитдин Исаұлының «Иман мен дәстүр хикметтері» (2014) кітабының 85-92 беттер аралығындағы «Оразаның ғажайып сырлары» мақаласын және Ә.Дербісәлінің «Рамазан нұр шашқан ай» (2010) кітабының 36-38 беттерде берілген «Оразаның медициналық пайдалары» мақаласын оқырмандарға оқуға  фейсбук  парақшасына жариялады.

Шортанбай ауылдық кітапханасы мұсылмандардың қасиетті мерекесі құрбан айт мейрамына орай «Құрбан айт – қасиетті мереке» атты танымдық бейнероликті фейсбук бетшесіне жариялады. Ұсынылған роликте айт мейрамы қалай аталып өту керектігі жайлы ақпараттармен қамтылған.

        РТС, Ақкөл ауылдық кітапханаларында жастарды жат ағымнан сақтандыру мақсатында «Дін – рухтық тәрбие», «Ислам діні – бейбітшілік бастауы» тақырыптарында виртуалды кітап көрмелері ұйымдастырылды.

Аудандық орталық кітапханада «Терроризм - ғасыр дерті», Сүйіндік ауылдық кітапханасында «Дін бірлігі – ұлт тұтастығының кепілі», РТС ауылдық кітапханасында «Дін – ізгілік бастауы» тақырыптарында кітап көрмелері  шығарылса, Кудряшов, Нұржау ауылдық кітапханалары «Дін мұраты - имандылық», «Иманды ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыптарында виртуалды кітап көрмелерін ұйымдастырды.

 Морской ауылдық кітапханасында оқырмандарды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу, дін туралы білімдерін сұхбат, мәлімет беру арқылы тереңдету мақсатында «Дін – тәрбиенің рухани тірегі» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел шарасы өтті.

          Лабай ауылдық кітапханасында  жастар арасында «Терроризм және оның зардаптары» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті.

Оқырмандарға діннің тарихын, маңызын және оның қоғамда алатын орнын түсіндіру, қоғамда өз көзқарасын айқындай алатын, жат діни ағымдардан аулақ жүретін, сенімі берік, қоғам өмірінде биік мақсаттарды жүзеге асыруға дайын ұлтжанды азамат тәрбиелеу мақсатында Ақкөл ауылдық кітапханасында «Дін және қоғам» тақырыбында онлайн  пікіралмасу кеші өтті.

           Аудандық орталық, Нұржау, Қиғаш ауылдық кітапханаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатын жүзеге асыру, оқырмандардың адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлық – қоғам кесапаты», «Сыбайлас жемқорлықпен күресу – жарқын болашақтың кепілі» тақырыптарында онлайн  кітап көрмелері шығарылды.

Еңбекші ауылдық кітапханасында оқырмандарға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында «Жемқорлықпен күрес-баршамыздың міндетіміз» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел шарасы өтті.

30 тамыз - Ата Заңымыздың 25 жылдығына орай азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы білімді қалыптастырып, өз құқығын қорғай білетін оқырманды тәрбиелеу мақсатында  аудандық орталық, аудандық балалар, Сафон, Шортанбай, Қызылоба, Бірлік, Жаңаталап, РТС, Приморье, Калинин, Еңбекші, Морской, Балқұдық, Қиғаш, Жасталап, Қоңыртерек ауылдық кітапханаларында «Ардың шыңы-Ата Заң», «Конституция- өркениет пен мәдениеттің тоғысы», «Ата Заң-қоғам дамуының кепілі»  «Ата Заң - азат елдің асыл мұраты», «Ата Заң- елдігімнің еңсесі», «Ардақтысың Ата Заң», «Тәуелсіздік тірегі – Ата Заң», «Айбарлы асқақ елді асқақтатар Ата Заң», «Ардың шыңы – Ата Заң» тақырыптарында виртуалды кітап көрмелері шығарылды, аудандық орталық кітапханада библиографиялық шолу ұсынылды.  Конституцияның сипаты, маңызы туралы түсінік бере отырып, жас оқырмандарды өз Отанын сүюге, Конституциямызға құрмет  көрсетуге тәрбиелеу мақсатында аудандық балалар кітапханасында  «Ата  Заң- алтын тұғыр» тақырыбында онлайн ақпарат сағаты өткізілді.

Ақкөл, Жаңаталап, Сафон, Жасталап, Бірлік, Қызылоба, Лабай ауылдық кітапханалары «Құқықты білу заман талабы»,  «Ата Заң-абыройың», «Айбарлы асқақ елді асқақтатар Ата Заң», «Азат елдің ар-намысы – Ата Заң», «Ата Заңым - айбыным», «Ата Заң – елдігімнің еңсесі» тақырыптарында ақпараттық сағаттар, Шортанбай, Балқұдық ауылдық кітапханалары «Конституция-мемлекетіміздің алтын қазығы», «Барша Заңның қайнар көзі-Ата Заң» атты тақырыптық кештер ұсынды. 

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында Сүйіндік, Еңбекші ауылдық кітапханаларында дөңгелек үстелдер өтті. 

Қазақ халқының  бірігуі негізінде  XV-ғасырдың орта шенінде құрылған Қазақ хандығының құрылғанына 555 жыл толуына орай аудандық орталық, аудандық балалар, Сүйіндік, Қиғаш ауылдық  кітапханаларында «Ұлы даланың–ұлы оқиғасы», «Қазақ хандығының тарихы-Ата жол тарихы», «Ел мұраты – ұлттық тарихты ұлықтау» тақырыптарында кітап көрмелері шығарылып,  слайд арқылы библиографиялық шолу жүргізілді.

          Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толуына орай аудандық орталық, Көптоғай, Дыңғызыл, аудандық балалар, РТС, Жаңаталап, Сафон, Бірлік, Байда, Еңбекші, Асан, Ақкөл ауылдық кітапханаларында  «Алтын Орда – Қазақ хандығының бастауы», «Алтын Орда тарихы –қазақтың тарихы» тақырыптарында кітап көрмелері ұйымдастырылды.

Сафон, Жаңаталап ауылдық кітапханаларында «Ұлы дала тарихының басты қыры-Алтын Орда» тақырыбында ақпарат сағаттар әлеуметтік желі пайдаланушыларының назарына ұсынылып, Алдын Орда тарихы туралы ақпарат берілді.

Еңбекші, Калинин ауылдық  кітапханаларында «Тәуелсіздік - елдігім, еркіндігім», «Тәуелсіздік – мәңгілік құндылық», «Тәуелсіздік* ұлы рух» тақырыптарындағы кітап көрмелеріне онлайн шолу жасалды.

Ақкөл ауылдық кітапханасында «Татулық, достықтың киелі бесігі» тақырыбында онлайн шара фейсбук әлеуметтік желісі арқылы желі пайдаланушыларына ұсынылды.  (Facebook:Гулбану Гайсина)

РТС ауылдық кітапханасында «Мен қазақпын, жаныммен, жүрегіммен» тақырыбында жыр кеші өткізілді.

Аудандық орталық кітапханада «Тіл – рухани қуатымыздың темірқазығы» тақырыбында  кітап көрмесі шығарылып, библиографиялық шолу жасалды.   Көптоғай, Ақкөл ауылдық кітапханалары «Тіл – халық байлығы», «Тілім менің ғасырлардан аманат», «Тіл – ұлттың тұғыры» тақырыптарында виртуалды кітап көрмелерін ұйымдастырып, оқырмандар назарына ұсынды.

          ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жыл­дан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтқан еді.

         5 қыркүйек - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне байланысты, мемлекеттік тілдің маңыздылығын түсіндіру мақсатында аудандық балалар, Бірлік, РТС, Морской, Сүйіндік,  Жасталап, Шортанбай, Еңбекші, Балқұдық, Қызылоба, Қоңыртерек, Қошалақ, Көптоғай, Лабай  ауылдық кітапханаларында «Тіл–рухани қазына», «Ана тілі – асыл қазына», «Ұлттың қазығы да, қазынасы да тіл», «Мемлекеттік тіл – ұлттың ұлы қазынасы», «Қазақ тілі – рухани байлығымыз, асыл мұрамыз», «Тілімнің өсе берсін мәртебесі», «Тіл – халық байлығы», «Ана тілі-ұлтымыздың айнасы» тақырыптарында кітап көрмелері ұйымдастырылды.

Жас ұрпаққа ана тіліміздің қасиетін дәріптеу, тілді құрметтеуге баулу, қазақтың тіл өнерін дамыту, халық мәдениетін тіл арқылы насихаттау мақсатында Жасталап, Морской, Балқұдық, Қызылоба ауылдық кітапханаларында «Ана тілім – асылым, бай қазынам», «Тіл-халық байлығы», «Ұлт рухының алтын қазығы-тіл», «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тақырыптарында онлайн тақырыптық кештер өтті.

 Сүйіндік ауылдық кітапханасы «Туған тілім, ана тілім ардақты» атты бейнеролик ұсынды. Бейнебаянда оқырмандар ана тілі туралы өлеңдер оқып, бабаларымыздың тіл туралы айтқан ұлағатты сөздері насихатталды.

Ұлттық домбыра күніне орай Құрманғазы аудандық ОКЖ-не қарасты кітапханалар оқырмандарына және желі пайдаланушыларына әлеуметтік желі арқылы «Ғасырлардан жеткен үн», «Домбыра-қазағымның қазынасы», «Қазақтың домбыра өнері», «Ғасырлар куәсі-елімнің мұрасы», «Домбыра –халық қазынасы» тақырыптарында кітап көрмелерін ұсынды.

Ақкөл, Бірлік ауылдық кітапханалары қазақ халқының болмысын бүтіндей ашып беретін бірден-бір аспап домбыра туралы «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ-домбыра», «Домбыра-асыл мұра» тақырыптарындағы бейнебаяндар ұсынса,  Байда ауылдық кітапханасы «Домбыраның шығу тарихы» атты ұлттық аспабымыз домбыра туралы ақпаратпен таныстырды.

 Аудандық балалар кітапханасы қазақ халқының ұлттық музыка аспабы домбыра туралы түсінік беру, оқырман бойына музыкалық тәрбие қалыптастыру, ұлттық өнерді сүйе білуге тәрбиелеу мақсатында «Ұлттық домбыра күніне» орай «Бабалардан қалған мұра – домбыра» атты әдеби сазды қонақжай шарасын ұйымдастырды.

Балқұдық ауылдық кітапханасы жастардың ой ұшқырлығын шыңдау, домбыра өнеріне қызығушылықтарын ояту мақсатында оқырмандарға «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ-домбыра» тақырыбында жергілікті домбырашы, ұстаз М.Долдашевтің өнер жолына арналған танымдық кеш ұсынды.

 

 

 

Дата публикации
20 ноября 2020
Дата обновления
20 ноября 2020
Тип
Информация

Сейчас читают

17 октября 2026
16 октября 2026
25 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы