Құрманғазы ауданы бойынша 2027 жылы іске асырылатын әлеуметтік жобалар жоспары

Құрманғазы ауданы бойынша 2027 жылы іске асырылатын әлеуметтік жобалар жоспары

                                                                                                                           Қосымша

№

п/п

Жобаның атауы

Жобаның жалпы сомасы (мың тг)

Қысқаша анықтама

Жауапты басқарма

1

«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жастарды уақытша жұмыспен қамту

 

 

23793,0

Жастарды маусымдық жұмыспен қамту арқылы еңбекке баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табыс табуға мүмкіндік жасау

Ауданның ішкі саясат бөлімі

2

"ЖАСТАР ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ" тақырыбында кешенді іс-шаралар

 

 

1500,0

Жастар арасында есіртікіге қарсы иммунитет қалыптастыру,салауатты өмір салтын насихаттау және құқық бұзушылықтың алдын алу

Ауданның ішкі саясат бөлімі

3

Мемлекеттік рәміздерді насихаттау бағытында кешенді

іс-шаралар

 

 

1500,0

Мемлекеттік рәміздерді насихаттау, олардың мәні мен маңызын түсіндіру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру

Ауданның ішкі саясат бөлімі

4

"Әйелдердің экономикалық және әлеуметтік белсенділігін арттыру бағытындағы кешенді іс-шаралар»

 

 

1500,0

Әйелдердің кәсіпкерлік, әлеуметтік белсенділігін арттыру арқылы отбасының әл-ауқатын жақсарту мәселелері

Ауданның ішкі саясат бөлімі

5

Әлеуметтік осал топтарға жататын балаларды қоғамға тарту мақсатында іс-шаралар кешені

 

 

1500,0

Әлеуметтік осал топтағы балаларды қолдау, оларды қоғам өміріне бейімдеу және дамытуға жағдай жасау

Ауданның ішкі саясат бөлімі

6

"ЗАҢ МЕН ТӘРТІП" идеологиясын ілгерлету мақсатында іс-шаралар кешені

 

 

1000,0

Қоғамды заңға құрмет қалыптастыру, құқықтық мәдениетті арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу

Ауданның ішкі саясат бөлімі

7

"ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ҚОҒАМҒА ЗИЯНЫ" кешенді іс-шаралар

 

 

1000,0

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда адалдық қағидаттарын нығайту және халықтың құқықтық санасын көтеру

Ауданның ішкі саясат бөлімі

8

Инватакси қызметі

50000,0

Инватакси қызметі мүгедектігі бар адамдардың емдеу мекемелеріне, әлеуметтік нысандарға, мемлекеттік ұйымдарға, білім беру орындарына және басқа да қажетті жерлерге қауіпсіз әрі ыңғайлы жетуін қамтамасыз етеді. Көліктер пандус, көтергіш құрылғылармен жабдықталып, қызмет көрсету барысында жүргізуші мен көмекші қолдау көрсетеді. Қызмет азаматтардың қоғам өміріне белсенді қатысуына және өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

9

Иппотерапия қызметі

33000,0

Иппотерапия тірек-қимыл аппараты бұзылған, жүйке жүйесі зақымданған, дамуында ерекшелігі бар балалар мен ересектерге арналған оңалту қызметі. Сабақ барысында жылқының ырғақты қозғалысы бұлшық еттерді белсендіреді, тепе-теңдік пен үйлесімділікті жақсартады, қозғалыс дағдыларын дамытады. Сонымен қатар иппотерапия адамның психоэмоциялық жағдайына оң әсер етіп, сенімділік, қарым-қатынас және әлеуметтік бейімделуді арттырады.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

10

Жасөспірімдер арасында футболдан аудандық турнир

2000,0

Ауданда футбол спортының дамуы күшейеді, бұқаралық спортқа қызығушылық артады. Жастар мен тұрғындар арасында салауатты өмір салты насихатталады, дене белсенділігі тұрақты әдетке айналады. Командалық рух, тәртіп және жауапкершілік қалыптасады, қатысушылардың спорттық мәдениеті артады.

Ауданның спорт, мәдениет тілдерді дамыту бөлімі

11

Жастар арасында волейболдан аудандық турнир

2000,0

Ауданда волейбол спортының дамуы күшейеді, бұқаралық спортқа қызығушылық артады. Жастар мен тұрғындар арасында салауатты өмір салты насихатталады, дене белсенділігі тұрақты әдетке айналады. Командалық рух, тәртіп және жауапкершілік қалыптасады, қатысушылардың спорттық мәдениеті артады.

Ауданның спорт, мәдениет тілдерді дамыту бөлімі

12

Жастар арасында баскетболдан аудандық турнир

1000,0

Ауданда баскетбол спортының дамуы күшейеді, бұқаралық спортқа қызығушылық артады. Жастар мен тұрғындар арасында салауатты өмір салты насихатталады, дене белсенділігі тұрақты әдетке айналады. Командалық рух, тәртіп және жауапкершілік қалыптасады, қатысушылардың спорттық мәдениеті артады.

Ауданның спорт, мәдениет тілдерді дамыту бөлімі

13

Аламан бәйге

3000,0

Ұлттық спорт түрлері кеңінен насихатталып, аламан бәйгеге қызығушылық артады. Аудан тұрғындары арасында ұлттық дәстүр мен мәдени құндылықтар дәріптеліп, рухани тәрбие күшейеді.

Жүйрік аттар мен үздік шабандоздар анықталып, аудан намысын қорғайтын спортшылар іріктеледі. Қатысушылардың шабандоздық шеберлігі артып, тәжірибе жинақтайды. Ауылдық округтер арасындағы ынтымақ пен бірлік нығайып, халықтың қоғамдық белсенділігі артады.

 

Ауданның спорт, мәдениет тілдерді дамыту бөлімі

14

Қазақ күресі

2000,0

Қазақ күресі ұлттық спорт түрі ретінде кеңінен насихатталып, аудан тұрғындарының қызығушылығы артады. Жастар арасында патриоттық тәрбие, ұлттық рух пен намыс қалыптасады.

Қатысушылардың күш-қайраты, төзімділігі, ептілігі және күрес техникасы дамиды. Үздік балуандар анықталып, аудан намысын қорғайтын спортшылар іріктеледі. Жасөспірімдер мен жастардың спортқа тұрақты қатысуы артып, салауатты өмір салты нығаяды. Әділдік, тәртіп, құрмет және спорттық мәдениет деңгейі жоғарылайды.

 

 

Ауданның спорт, мәдениет тілдерді дамыту бөлімі

 

Жарияланған күні

15 қыркүйек 2026 15:47

Жаңарту күні

15 қыркүйек 2026

Срок публичного обсуждения

15 қыркүйек 2026