Меню

Страницы

Статья

Мемелекеттік көрсетілетін қызмет туралы

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ БОЙЫНША

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет — бұл мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары жеке және заңды тұлғаларға тегін немесе ақылы түрде көрсететін қызмет түрлері. Бұл қызметтер азаматтардың және ұйымдардың заңмен кепілдендірілген құқықтарын жүзеге асыруына көмектеседі.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы негізінде Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Заңына сәйкес, «Орлы ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша 6 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
​1. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру
2. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру
3. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою
4. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату
5. Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту.
6. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.
2025 жылдың басынан бері 22 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Олар: Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру-14, Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту-6, жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату-2 .
​ Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мерзімі кешіктіріліп қаралған мемлекеттік қызмет болған жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдарда халықтың цифрлық, құқықтық сауаттылығын мақсатында, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, округ әкімі аппараты “Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышынан” барлығы 400 ден аса қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – бұл халық пен мемлекетті байланыстыратын маңызды құрал. Қызметтің сапасы мен қолжетімділігі – мемлекеттің тиімділігінің басты көрсеткіштерінің бірі. Сондықтан мемлекеттік қызметтерді үздіксіз жетілдіру, олардың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру – Қазақстанның дамыған, заманауи, цифрлық мемлекетке айналуының маңызды шарты болып табылады.

Орлы ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Елена Куанышкалиева

Дата публикации
27 июня 2025
Дата обновления
27 июня 2025
Тип

Сейчас читают

27 июня 2025
Мемелекеттік көрсетілетін қызмет туралы
11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы