ИСАТАЙ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІ АРҚЫЛЫ 2027 ЖЫЛҒА ЖОСПАРЛАҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР ТАҚЫРЫПТАРЫ

ИСАТАЙ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІ АРҚЫЛЫ 2027 ЖЫЛҒА ЖОСПАРЛАҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР ТАҚЫРЫПТАРЫ

№

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

Қаржыландырудың жоспарланған көлемі

(мың, теңге)

Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме

Халықтың нысаналы тобы

Күтілетін нәтиже

1

Исатай Тайманұлының 236 жылдығына орай Аламан ат бәйгесі

10 000,0

ҚазақстанРеспубликасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V «Денешынықтыружәнеспорттуралызаңының 8 бабының 4 тармағы

ауыл тұрғындары, шабандоздар, атбегілер, жастар

ат бәйгесі ұлттық спорттық шарасы арқылы қазақ халқының тарихи мұрасын, батырдың ерлік жолы мен ел тәуелсіздігі үшін күресін кеңінен насихаттау, ұлттық ат спорты түрлерін дамыту және жастар арасында патриоттық тәрбие қалыптастыру, халықтың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, қоғамдық бірлікті нығайту, өскелең ұрпақты салт-дәстүрді құрметтеуге баулу және бұқаралық спортты дамытуға ықпал ету.

2

«Спорт-нашақорлыққа қарсы» ұранымен Исатай футбол лигасы

5 000,0

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңының 8 бабының 4 тармағы

аудан жастары, NEET санатына жататын жұмыссыз жастар, студенттер, мешіт жамағаттары, дін ұстанушылар

жастар мен жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықтың және өзге де зиянды әдеттердің алдын алу, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға жағдай жасау, спортқа деген қызығушылығын арттыру, есірткіге тәуелділіктің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, құқық бұзушылықтың алдын алу

3

Қазақ күресінен 2012-2013, 2014-2015 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында Зинеден Құрасұлын еске алуға арналған облыстық ашық турнир және ересектер арасында“Түйе палуан” сайысы

7 000,0

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңының 8 бабының 4 тармағы

жасөспірімдер, жастар, спортшылар

қазақ күресін дамытуға, жас ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ықпал ету, тарихи-мәдени мұраны сақтау және жас ұрпаққа өнеге ету, ұлттық дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу

4

«Аймақтар аламаны» сайысын өткізу

7 000,0

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңының 8 бабының 4 тармағы

аудан тұрғындары, жастар, спортшылар

қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдени мұрасын дәріптеуге, ұлттық құндылықтарды сақтау мен келер ұрпаққа жеткізуге ықпал ету, өңірлер арасындағы ынтымақтастық нығайту, жастардың ұлттық құндылықтарға қызығушылығын арттыру және қоғамда бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау

5

Терроризм және діни экстремизмнің алдын алу бағытында мекеме қызметкерлері арасында футзалдан аудандық турнир

1 500,0

ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №124 қаулысы

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңының 8 бабының 4 тармағы

аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері, жастар

Халық арасында деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру, азаматтардың діни және құқықтық сауаттылығын арттыру, мекеме қызметкерлері арасында достық қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру

6

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында Ұлттық спорт түрлерінен аудандық турнир

3 000,0

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңының 8 бабының 4 тармағы

аудан тұрғындары, жастар, спортшылар

Қоғамда жемқорлықтың көрінісіне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, азаматтардың билік институттарына сенімін арттыру

7

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шахмат және дойбыдан аудандық турнир

1 500,0

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңының 8 бабының 4 тармағы

аудан тұрғындары, мүмкіндігі шектеулі жандар

Мүмкіндігі шектеулі жандардың зияткерлік қабілеттерін, логикалық ойлауын, есте сақтауын және шапшаң шешім қабылдау дағдыларын дамыту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, өзара достық қарым-қатынасын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, қоғамға белсенді араласуына жағдай жасау және мүмкіндігі шектеулі жандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру

Жиыны:

36 000 000 теңге

Жарияланған күні

28 қазан 2026 16:43

Жаңарту күні

28 қазан 2026

Срок публичного обсуждения

02 қараша 2026