8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай Нарын ауылдық клубының ұйымдастыруымен «Саркылмайтын жылылық, Ана аты-ұлылық» тақырыбында меркелік шара өтті.
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген - бәтерегі өмірдің.
Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.
«Ана» деген үш-ақ әріптен құралған ерекше есімді құрметтеу - баршаға парыз. Өйткені дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Ананың алақаны – біз үшін ең жылы ұя. Ананың жаны сондай нәп - нәзік, мейірімді жан ғой. Біз анамызға қанша алғыс айтсақ та, өмір бойы қарыздармыз. 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай Нарын ауылдық клубының ұйымдастыруымен «Саркылмайтын жылылық, Ана аты-ұлылық» тақырыбында меркелік шара өтті.
Шараны ауыл әкімі Асқар Абуов құттықтау тілегімен ашып, ауыл мәдениетін өркендетуде өзіндік орындары ерекше «Асыл» Әжелер ансамблі мүшелеріне Алғыс білдірді.
Мерекемен тұспа тұс келген мерей той иелері мен ауылымыздың әлеуметтік дамуына үлес қосып жүрген, адал еңбегімен дараланған абзал аналар да ауыл әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Одан әрі мерекелік шара Жанбай мәдениеті үйі және Шәмшиден Шарипов атындағы балалар саз мектебінің өнерпаздары мен ауылымыздағы Фариза Оңғарсынова атындағы орта мектебі, Нарын бөбекжай бақшасы, Нарын ауылдық амбулаториясы ұжымдарының бірлескен мерекелік концерттік бағдарламасына ұласты. Мерекелік шараға қатысушы ауыл тұрғындары ауылдық клуб қызметкерлері мен өнерпаздарға ризашылық сезімдерін білдіріп, тамаша көңіл күймен тарасты.