GOV.KZ – Единая платформа цифровых ресурсов государственных органов (ЕПЦР ГО)

Меню
Страницы
Документы
Контакты
Аппарат акима
Пресс-центр
Онлайн-приемная
Деятельность
Все материалы
26 февраля 2024
Ауылдық округ бойынша күнделікті тазалық жұмыстар.

Қоршаған ортаның тазалығын сақтап, оның байлығын көздің қарашығындай қорғау - бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналды. Өйткені  арнайы мамандардың пайымдауынша табиғат аясында серуендеуге шыққан әрбір адам артында кемінде 15 кг қатты тұрмыстық қалдықтар қалдырады екен. Мәселен, пластмасса құтылар жер бетінде 500 жылға дейін, кәдімгі полиэтилен пакеттер 200 жылдан астам уақыт бойы шірімей жататын көрінеді. Ал консерві қалбырлары мен шыны сынықтары мың жылға дейін жер қойнында жатып, топырақ құнарын жейтіндігі айтылуда.

                Табиғат - Ана өзіне деген қамқорлықты, аялы алақан мен сүйіспеншілікті қалайды. Десекте адам баласы өзін қоршаған ортаның тазалығына атүсті қараудан арылар емес.

Ауылымыздың тұсынан өтетін Атырау-Астрахань тас жолының жолаушылары мен ауыл тұрғындары тұрмыстық қалдықтарын лақтырып кететіні қынжылтады. Міне осындай олқылықтардың алдын алу мақсатында 26 ақпан күні ауылымыздың тұсынан өтетін Атырау-Астрахань тас жолының бойы, Исатай ауданының шекарасына кіреберісіндегі белгінің айналасы және күнделікті ауыл арасы Қамысқала ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен ақылы қоғамдық жұмысшылары көмегімен тазалау жұмыстары жүргізілді.

«Тазалық тазалаған жерде емес, таза ұстаған жерде» деген мәтелді жолаушылардың және ауыл тұрғындарының ұмыт қалдыратыны өкінішті-ақ. Жалпы тазалық өзімізден басталатындығын ұмытпайық, өзгеден де осыны талап етейік.

 

Социальные сети
Меню подвал
Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы